ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инновациялық педагогикалық тәжірибенің сараптамасы
14-11-2018 00:05
Инновациялық педагогикалық тәжірибенің сараптамасы

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен инновациялық педагогикалық тәжірибиені зерттеу, жалпылау және тарату бойынша жұмысы мақсатты және үздіксіз өткізіледі. Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибиені қорғау бойынша жұмыстарын бірінші іріктеу кезеңінің сараптамасы 2018 жылғы 31 қазанында № 7 ЖОМ өткізілді. Осы оқу жылында педагогтармен 89 жұмыс ұсынылды, оның ішінен 61 жұмыс қалалық конкурсқа, 26 - облыстық конкурсқа қорғауға өтінім берді.

    Келесі кезеңнің жұмысы тәжірибені анықтау және зерттеу бойынша педагогикалық тәжірибенің сараптамасы ЖОО ғалымдарымен қаралады. Қорытынды кезең - алқалы тыңдалым формасындағы инновациялық педагогикалық тәжірибені қорғау кезеңі 2019 жылдың қаңтар айында Инновациялық Еуразия университетінде өткізіледі. Инновациялық тәжірибенінің алқалы тыңдалымы 7 секция бойынша келесі бағыттарда жұмыс істейді: физико-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, бастауыш білім беру. Жұмыс қорытындысы бойынша бұл тәжірибелер жинақталып қалалық білім беру бөлімінің «Педагогикалық тәжірибе - 2019» банкісіне енгізіледі.

   «Педагогикалық бастамалар - 2019» облыстық конкурсының іріктеу турының қорытындысы бойынша қала мектептерінің 26 педагогтың 13 облыстық деңгейде жұмыс тәжірибесін жинақтады. Облыстық байқаудың жеңімпаздары республика деңгейінде өз тәжірибелерін ұсынатын болады.