ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық математикалық турнирінің қортындысы
14-11-2018 13:41
Облыстық математикалық турнирінің қортындысы

  VІ облыстық математикалық турниріне 2 - 4 сынып оқушылары арасында 42 команда қатысты, соның ішінде 12 - мамандандырылған мектептерден, 20 - аудандардан, 5 – Павлодар қаласы, 2 - Екібастұз қаласы, 2 – Ақсу қаласы, 1 – Омбы қаласы, барлығы 126 оқушы.

  Екінші сынып арасында жеке жазбаша кезең қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен – № 39 ЖОМ-нің оқушысы Асетова Малика, № 37 ЖОМ-нің оқушысы Мұрат Айым, ІІІ дәрежелі дипломмен - № 22 ЖОМ-нің оқушысы Ахын Еркежан, № 42 ЖОМ-нің оқушысы Ткачев Артур, № 38 ЖОМ-нің оқушысы Қалиқан Дінмухаммед иеленді.

  Үшінші сынып арасында ІІ дәрежелі дипломға - № 39 ЖОМ-нің оқушысы Хайбуллов Арифулла, ІІІ дәрежелі дипломға –№ 22 ЖОМ-нің оқушысы Даниялов Бахтияр, № 37 ЖОМ-нің оқушысы Нұрлан Ислам иеленді.

  Төртінші сынып арасында ІІ дәрежелі дипломға №42 ЖОМ-нің оқушысы Ковальчук Олег, ІІІ дәрежелі дипломға - № 38 ЖОМ-нің оқушысы Тлеубекұлы Мустафа, № 22 ЖОМ-нің оқушысы Марданов Динмухаммед иеленді.

  Командалық кезеңде екінші лиганың ІІІ дәрежелі дипломмен - № 22 ЖОМ-нің командасы марапатталды. Бірінші лиганың І дәрежелі дипломына № 39 ЖОМ-нің командасы; ІІ дәрежелі дипломына - № 42 ЖОМ-нің командасы, ІІІ дәрежелі дипломына – № 37 ЖОМ-нің командасы ие болды. Жоғары лиганың ІІІ дәрежелі дипломды – № 38 ЖОМ командасы иеленді.

  Математикалық турнир Павлодар қаласы № 37 орта мектебі негізінде 2018 жылғы 8 қарашада өткізілді. Турнир екі кезеңде өтті. Бірінші командалық кезең оқушыларды жоғары, бірінші, екінші лигаларға бөлу үшін жазбаша түрде өткізілді. Екінші кезең жазбаша жеке және ауызша командалық айналымда жүргізілді.