Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін іске асыру арқылы мемлекеттік кәсіпорын құруда қызығушылық білдіру туралы сауал
Павлодар қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 977/26 қаулысы негізінде Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны, Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «№ 2 балалар музыка мектебі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны, Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «№ 3 балалар музыка мектебі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны, Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Кенжекөл с. балалар музыка мектебі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны біріктіру жолымен Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар музыка мектебі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 103 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін іске асыру арқылы акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға құру туралықызығушылық білдіру сауалы.
Туындаған мәселелер мен ұсыныстар бойынша 8(718)2322167 телефонына, kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz электронды мекенжайына жүгінуге болады.
«Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ