ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің жұмысы - қолданыста
16-11-2018 20:52
Педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің жұмысы - қолданыста

   2018 жылғы 15 қарашада № 24 мектептің базасында Павлодар қалалық педагогикалық еңбек ардагерлерінің бірлескен кеңсенің есеп беру-сайлау конференциясы өткізілді.

   Конференция жұмысына Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтқазина қатысты. Бір есте қаларлығы, басшы лауазымындағы өзінің бірінші кездесуін Самал Оспанқызы педагогикалық еңбек ардагерлерімен, қала мұғалімдерінің алтын қорын құрайтын, білім саласының еңбегі сіңген жұмыскерлерімен өткізді. Өзінің құттықтау сөзінде Самал Оспанқызы ардагерлерді белсенді өмірлік ұстанымдары, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді, ардагерлер кеңесінің бұдан әрі нәтижелі, жемісті жұмыс істейтіндеріне үміт артты.

   Конференция барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы Ботагөз Баязитқызы Исмагулованың есебі тыңдалды. Пікірталастарда сөз сөйлеген қалалық білім беру мекемелеріндегі бастапқы ардагерлер ұйымдарының төрағалары кеңес қызметіне жоғары бағаларын берді, жұмысты ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісіті, болашақтағы жұмыстың өзекті міндеттерін белгіледі.

   Білім және ғылым саласы жұмыскерлерінің қалалық кәсіподақ ұйымы атынан С. Ш. Сейітова ардагерлер кеңесінің ең белсенді мүшелерін грамоталар және алғыс хаттармен марапаттады, және кеңестің жұмысына белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.

   Конференция қалалық ардагерлер кеңесін басқаратын жаңа құрамды сайлап алумен аяқталды.