ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№24 ЖОМ-нің тәжірибесі мен инновациясы туралы
21-11-2018 14:40

2018 жылғы 22 қараша күні сағат 09.00 - 12.00 аралығында № 24 ЖОМ-де (Кутузов көшесі,190) мектептің әлеуметтік-педагогикалық кешені аясында тәрбиеленушілер тұлғасының әлеуметтенуі мәселесі бойынша қалалық сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.


Инновациялық жоба С.Торайғыров атындағы ПМУ, ИнЕУ, ПМПУ кафедраларының профессорлық-ұстаздық құрамы, «Ұлы Дала скауттары» аймақтық қоры, «Шаңырақ» орталығы , Әскери Даңқ мұражайы, Қазақстан халықтарының ассамблеясы, қала кітапханалары мен ардагерлер кеңесі тұлғасындағы әлеуметтік серіктестердің қатысуымен іске асырылады.


Сараптамалық кеңестің мүшелері жаңартылған білім мазмұны аясында ашық сабақтарға қатысты.


Мектеп инновациялық қызметі аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзекті жобаларын іске асыруда «Тәрбие және білім», «Біз - Қазақстан патриотымыз», «Отбасы мұрасы - Республиканың игілігі», «Дені сау баласыз болашақ жоқ», «Менің кәсібім - туған қалама», «Кіші Отан: мен - павлодарлықпын». Сараптамалық кеңестің тәрбие блогын ұсыну барысында мектеппен аталған бағдарламаны іске асырудағы педагогтардың тәжірибесі көрсетілді.


Қала мектептерінің басшыларына «Жастар City 24 KZ» жобалар миксі, «Mobil World» әрекет ету алаңы», «Менің жетістігім» тақырыбында оқушылардың жеке көрмесі ұсынылды.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі