ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ғаламторды қауіпсіз пайдалану туралы ашық сабақ
23-11-2018 00:20
Ғаламторды қауіпсіз пайдалану туралы ашық сабақ

   «Жылы жүрек» қозғалысының еріктілерімен ұйымдастырылған арнайы ашық сабақ Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ өткізілді.Еріктілер қозғалысының өкілдері жеңіл және қолжетімді түрде 1 - 4 сынып оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдердің назарына интернетті пайдалану кезіндегі қауіптер, желілік қауіп-қатерлерден қорғау туралы ақпаратты жеткізді және білім беру, дамыту, қарым-қатынас және бос уақыт үшін жаһандық желінің пайдалы мүмкіндіктері туралы білуге көмектесті.

   «Бүгін ең бастысы - бүкіләлемдік тор ақпаратыны қол жеткізуге шектеу қоймай, балаларға қатерлермен соқтығысқан жағдайда не істеу керектігін үйрету және түсіндіру. Осындай міндет еріктілердің алдында тұрды. Біз Қазақстанның түрлі аймақтарында көптеген сабақтар өткіздік, және барлық жерде сәтті өтті. Мен, Павлодардың «Қауіпсіз интернет» жобасына қосылған қалалардың тізімін толтырғанына қуаныштымын», - деп түсінік берді Beeline Қазақстан байланыс жөніндегі директоры Алексей Бендзь.

   «Біз оқушылардың білім алуына көп көңіл бөлеміз. Интернет үлкен білім беру функциясын атқарады, бұл біздің заманымыздың шынайылығы. Балаларға желідегі негізгі өзгешеліктер туралы айтып беруге дайын еріктілердіңболғаны өте жақсы»,-интернетте қауіпсіздік сабақтарын өткізу идеясын № 36 орта мектеп директоры Ахмадова Зәуреш Дәуленқызы қолдады.

   Корпоративтік еріктілер бағдарламасы Beeline Қазақстанда іске қосылды және 2008 жылдан бастап табысты жұмыс істейді. Жобаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті мақұлдады. Beeline компаниясының «Қауіпсіз интернет» жобасы өз географиясын кеңейтеді.Мектептерге оқыту материалдарын ұсынумен, күз бойы өңірлерде ашық сабақтар өткізілді. Ашық сабақтарды өткізу бастамасы Beeline Қазақстан компаниясының «Жылы жүрек» корпоративтік еріктілер қозғалысының қатысушыларына тиесілі.Мобильді оператордың қолдауымен арнайы оқыту бағдарламасы әзірленді.