Қазақстан Республикасы спорт және мәдениет Министрлігі осы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сәулет, кескіндеме және Қазақстанның зергерлік өнер түрлері» мемлекеттік тілде жазылған үш томды жарыққа шығарды. Бұл кітап қараша айында еліміздің кітапханаларына түсіп, мемлекетіміздің игілігі атанды.
Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, атақты зергер Ольга Ивановна Ловина мен Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебінің жоғары санатты ұстазының да шығармашылық жұмыстары жинақтың үшінші томына енді. Оның «Жаз» (әшекейлі кәріптастан жасалған күміс алқа) және «Жалын қиялы» (күміс, ыстық эмаль), «Көгілдір ирең» (көгілдір ақықтан жасалған күміс білезік, балқытылған металл), «Франция Республикасы» (медаль, нақыштамасы болаттан) және басқа да әсем зергерлік әшекейлерін осы кітап беттерінен көруге болады.
Автордың туындылары Ресейдің Красносельск көркемөнер колледжінде, Павлодар облыстық көркемөнер мұражайында және Қазақстан, Ресей, Германия, Австрия, Франция, Оңтүстік Африка, Балтық жағасы сияқты елдердің жеке жинақтамаларында сақталуда. Ольга Ивановна халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы болып табылады.