kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2854630
Бір айда286656
Бір аптада57516
Кеше4536
Тәулік2309
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕ МЕНШІК СЕРІКТЕСТІГІ ШЕҢБЕРІНДЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ШАҚЫРУ
20-11-2018 15:46

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін «Павлодар қаласында 230 орындық балабақшаны қайта құру және пайдалану», «Павлодар қаласында 200 орындық жеке меншік мектепті қайта құру және пайдалану» жобалары бойынша мемлекеттік-жеке меншік серкітестігі шеңберінде ынтымақтастыққа шақыру.

«Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ «Павлодар қаласында 230 орындық балабақшаны қайта құру және пайдалану», «Павлодар қаласында 200 орындық жеке меншік мектепті қайта құру және пайдалану» бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің (бұдан әрі - МЖС) жобаларын дайындауды бастағандығы туралы хабарлайды және ықтимал серіктестерді жобаларды талқылауға және оларды іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқалар ұсынуға тартуға мұқтаждықтарын білдіреді.

МЖС жобалары: «Павлодар қаласында 230 орындық балабақшаны қайта құру және пайдалану», «Павлодар қаласында 200 орындық жеке меншік мектепті қайта құру және пайдалану».

Орналасқан орны: Павлодар облысы, Павлодар қаласы.

Жобалар шарттары: қажетті құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру, МЖС объектілерін бұдан әрі пайдалану. Жобаларды іске асыру мерзімі: қайта құру мерзімін қоса алғанда, 20 жылдан кем емес.

Шығындарды өтеу көздері: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік туралы» Заңының 9-бабы 2-тармағы 3 және 4 тармақшаларына сәйкес инвестициялық және операциялық шығындардың орнын толтыру.

Мемлекеттік қолдау көрсету шаралары: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік туралы» Заңының 27-бабы 1 және 2 тармақтарына сәйкес МЖС шартының әрекет ету мерзіміне жер телімін уақытша пайдалануға ұсыну, МЖС объектілерін инженерлік және көліктік коммуникациялармен қамтамасыз ету, мемлекет тарапынан тауарлар көлемін тұтыну кепілдігі (мемлекеттік тапсырысты орналастыру).

Жобалардың негізгі технико-экономикалық параметрлері:

«Павлодар қаласында 230 орындық балабақшаны қайта құру және пайдалану» жобасының құны -364,5 млн.теңге ҚҚС-ті ескергенде, жобалау-сметалық құжаттарға сәйкес, Павлодар облысы бойынша «Мемлекеттік сараптама» РМК филиалының 2018 жылғы 1 маусымдағы №16-0100/18 мемлекеттік сараптаманың оң шешімі (қортындысы).

«Павлодар қаласында 200 орындық жеке меншік мектепті қайта құру және пайдалану» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлемесі талап етіледі.

Балама ұсыныстарды ұсынудың соңғы (ақырғы) мерзімі: 2018 жылдың 25 желтоқсаны.

Анықтама ретіндегі ақпаратты төмендегі мекенжайлар бойынша алуға болады:

- «Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ, телефоны 8 (7182) 320305, 329412, электронды мекен жайы: goman.ekaterina@pavlodar.gov.kz Байланысуға болатын тұлғалар: Екатерина Александровна Гоман.

- «Павлодар облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы» ММ телефоны: 8(7182) 321617, Байланысуға болатын тұлғалар: Диас Серикович Жакенов.

- «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ. Байланысатын тұлғалар: Амангелді Қайыргелдіұлы Иманберлинов, телефоны: 87071662672.

- «Павлодар қаласы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ, Байланыс тұлғалары: Ришад Камильевич Насыров, телефон: 320660, 321108