ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының жас мұғалімдерінің ІІ форумы туралы
29-11-2018 16:02

 

5 желтоқсанда № 37 жалпы орта білім беру мектебінде сағат 15.00-де Павлодар қаласының жас педагогтар «Мұғалім көшбасшылығы - білім беру модификациясы» II форумы өтеді.
 Мақсаты - шығармашылық белсенділігін ынталандыру, кәсіби дағдылар деңгейін көтеру,бірлескен мәдениетті дамыту, шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мұғалімдерді қолдау және марапаттау, мұғалім мамандығының беделін арттыру.
 Форумға 3 ұрпақтың өкілдері қатысады: педагогикалық жұмыс ардагерлері, педагог-инноваторлар және қала мектептерінің 300-ден астам жас мамандары.Форум кәсіби және жеке тұлғаның дамуына, әр қатысушының шығармашылық қабілетін тануға, азаматтық белсенділігін дамытуға көмектеседі. Форумның тақырыбы «Мұғалім көшбасшылығы арқылы - білім беру модификациясы» алдағы жастар жылы және мұғалім мәртебесі туралы заңның қабылдануына байланысты. Форум өзін -өзі дамытуға және алған білімдерін балаларға беруге дайын, жаңа біліммен сусынданған, рухы бойынша жақын жас педагогтарды біріктіреді.
Тел.: 61-60-65, 65-05-25
 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі