2018 жылы 29 қарашада «Рухани жаңғыру» облыстың жоба кеңсесінде «Өлкетану» оқулығының тұсау кесері өтті. Тұсау кесерге педагогикалық қауымдастық, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, мұражай қызметкерлері, еңбек ардагерлері қатысты.
Тұсау кесерде Павлодар облысы әкімінің орынбасары М. М. Бегентаев, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы ф.ғ.к., Дінислам Болатханұлы, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, х.ғ.д., оқулық авторларының бірі Алтынбек Нұхұлы сөз сөйледі.
Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д. М. Ш. Алинова қатысушыларды оқулықты құрастыруға қойылған әдістемелік амалдар және материалдарды ұсынудың логикалық жүйесімен таныстырды. Оқулық мектептегі білім беру саласында Қазақстан Республикасының білім беру саясатының жаңа үрдістерін ескергенін атап өтті. Курс бағдарламасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала және «Мәңгілік Ел» патриоттық акті идеялары енгізілген.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас менеджері С. О. Айтқазина «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және түсіндіру, оның дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосқан адамдарды құрметтеу, туған Ертіс өңірінің тарихын оқуға қызығушылығын қалыптастыру, жасұрпақтың өз тарихына әділ және дұрыс көзқарасын тәрбиелеуде маңызды роль атқарады.
Оқулық 5 - 7 сынып оқушыларына арналған. «Өлкетану» біріктірілген курс Қазақстанда сынамалы жоба болып табылады, «Семь граней Великой степи» мемлекет Басшысының мақаласы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.