ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген қалалық шахмат турнирі
30-11-2018 17:16
Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген қалалық шахмат турнирі

2018 жылғы 29 қарашада  №25 жалпы орта білім беру мектебінде  «Елін сүйген - Елбасы» тақырыбында Қазақстан Республиксының Тұңғыш Президенті Күніне арналған  қалалық шахмат турнирі өтті.

Турнир екі санат бойынша  7 - 10 және 11 - 15 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар арасында өтті. Турнирге №2, 12, 19, 22, 25, 35, 37 жалпы орта білім беру мектептерінің үздік ойыншылары қатысты.

Жас шахматшыларға ақ жол тілеп, құттықтау сөз сөйлегенқалалық Шахмат үйіненқонақ ретінде келген жаттықтырушы Капаев Арман Исатайұлы олардың ойынына әділ баға берді. Турнир қызықты және жоғары ұйымдастырылған түрде өтті.

Тартысты өткен турнир нәтижесінде № 22 ЖОМ І орынды, № 35 ЖОМ ІІ орынды, №25 ЖОМ ІІІ орынды иеленді.

7 - 10 жас санаты бойынша ұлдар арасында І орынды №22 ЖОМ-нің оқушысы Баянтас Асман, ІІ орынды № 25 ЖОМ-нің оқушысы Икрамов Мансур, ІІІ орынды № 35 ЖОМ-нің оқушысы Әміре Қасымжомарт, ал қыздар арасында І орынды №35 ЖОМ-нің оқушысы Кубекова Милана, ІІ орынды № 22 ЖОМ-нің оқушысы Жанатлек Жанель, ІІІ орынды № 2 ЖОМ-нің оқушысы Сатенова Данель алды.

11 - 15 санаты бойынша ұлдар арасында І орынды № 22 ЖОМ-нің оқушысы Акаев Аман, ІІ орынды №19 ЖОМ-нің оқушысы Нұрғазы Алмас, ІІІ орынды №25 ЖОМ-нің оқушысы Шестаев Арслан, ал қыздар арасында І орынды № 35 ЖОМ-нің оқушысы Ержан Ділназ, ІІ орынды № 22 ЖОМ-нің оқушысы Сарсембай Лаура, ІІІ орынды № 25 ЖОМ-нің оқушысы Ищанова Адина алды.