kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2885535
Бір айда252645
Бір аптада47242
Кеше8782
Тәулік1342
Облысымыздың «Қайсар» құрамасы - Қазақстан Республикасы Президентінің жас патриоттармен кездесуінің қатысушылары
04-12-2018 16:59
Облысымыздың «Қайсар» құрамасы - Қазақстан Республикасы Президентінің жас патриоттармен кездесуінің қатысушылары

Тұңғыш Президент Күні қарсаңы 2018 жылдың 30 қазанында «Отан. Елбасы. Жас сарбаз»  мерекелік  іс-шарасында еліміздің кішкентай патриоттары Н. А. Назарбаевпен салтанатты түрде кездескен болатын. Кездесу Астана қаласының Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті. Президент республикамыздың жастар атынан келген үздік өкілдерін өсіп келе жатқан ұрпақта патриоттық рухты тәрбиелейтін «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының  құрылуымен құттықтады.  Елбасы өз сөзінде жас ұрпаққа әскери мамандықтың қасиетін меңгеруге, ұлттық рухты жоғары ұстауға, өз елінің тарихын білуге, Отанға әрдайым қызмет етуге дайын тұруға, өзінің физикалық қабілеттерінді дамыту керектігін баса айтты.

Салтанатты шараға облысымыздың атынан Қарағанды қаласында өткен «Айбын - 2018»  IV республикалық әскери-патриоттық жиынның жеңімпазы, құрамы 10 адамнан тұратын «Қайсар» командасы қатысты.

Жас патриоттардың Елбасымен өткен кездесуінен кейін, облыстық және республикалық құрамалардың жеңімпазы, Кенжекөл мектебінің 11-ші сынып оқушысы Рахат Искаков өз әсерімен бөлісті: «Мен болашақ мамандығымды әскери саламен байланыстырамын,  өз қатарластарымды салауатты өмір салтымен айналысуға, спортты сүюге, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға, туған жерімізді қорғауға, аялауға шақырамын».

«Жастардың Тұңғыш Президентпен кездесуі олардың өз болашақтарына,  мамандық таңдауларына басқа көзқараспен қарауға үйретті. Балалар шабыттанып,  куаныш, мақтаныш сезімге кеңелді», - деп Кенжекөл ЖОМ-ның алғашқы әскери  дайындықты оқытушы-ұйымдастырушы Теміртай Арынұлы Тайкебаев кездесу туралы өз пікірін білдірді.