ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар көркемсурет мектебінің оқытушысы «Ең үздік оқытушы-суретші» медаліне ие болды
07-12-2018 09:12
Балалар көркемсурет мектебінің оқытушысы «Ең үздік оқытушы-суретші» медаліне ие болды

Қосымша білім беру ұйымдарындағы балалар шығармашылығын дамыту мақсатында Тұңғыш Президенті Кітапханасы «Туған өлкем» атты республикалық бағдарламасын жүзеге асырды. Бұл жоба наурыз айында басталып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні алдында оқушылардың жұмыстары қорытындыланды.

Жобаның іс-шара бағдарламасы шеңберінде жарты жыл аясында Семей қ. балалар өнер мектебі, Павлодар, Екібастұз, Шымкент қ. балалар көркемсурет мектептері - ЮНЕСКО клубтарының оқушылары мен оқытушылары балалар сурет көрмелері, дипломдық жұмыстар байқаулары, шеберлік сабақтарына қатысты. Мамыр айында Павлодар қаласының № 1 Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының 80 оқушыларының дипломдық жұмыстары сурет көрмесіне қатысып, оқытушылары шеберлік сабақтарын өткізді.

Қорытында көрмеге павлодарлық оқушылардың 20 үздік дипломдық жұмыстары іріктелінді.

2018 жылдың 4 желтоқсанында Астана қаласы Назарбаев орталығында жоба жеңмпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

№ 1 Балалар көркемсурет мектебінің оқытушысы Светлана Евгеньевна Рейн «Ең үздік оқытушы-суретші» медалімен марапатталды. Қорытынды көрмеге Светлана Евгеньевнаның 3 оқушыларының дипломдық жұмыстары қатысты. Ал «Ең үздік дипломдық жұмыс» номинациясында жүлдеге Анастасия Прокопцова (мектеп түлегі) ие болды.