ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шахматтың таңғажайып әлемі
10-12-2018 11:37
Шахматтың таңғажайып әлемі

2018 жылғы 7 желтоқсанда Павлодар облысы әкімінің кубогына шахмат турнирі аясында № 29, 41 ЖОМ-де Қазақстан мен ТМД-ның танымал гроссмейстерлерімен кездесу өтті.

Турнир қатысушылары Яан Юханогвич Эльвест, КСРО командасының құрамында екінші командалық әлем чемпионатының жеңімпазы, Кеңес Одағының чемпионы, Еуропа чемпионы, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін қатысушысы және жеңімпазы, Коцур Павел Михайлович, халықаралық гроссмейстер, Азия чемпионы, вице әлем чемпионы, Темірбаев Серікбай, халықаралық гроссмейстер, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, олар қатысқан турнирлер жайлы, шахматқа қалай келгендері өздерінің өмірлік жолы туралы айтып, оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.Олар біздің планетамыздың барлық бұрыштарында шахматты жақсы білетінін және танымал екенін атап өтті. Бұрын шахматты данагөйлер мен билеушілердің ермек ойыны  деп есептеді, бірақ кейін шахмат миллиондаған адамдардың жүректері мен ой-саналарын жаулап алды.

Халықаралық гроссмейстерлер жас шахматшыларға мастер-класс көрсетті. Оқушылармен бірге іс жүзінде шахмат жағдайларының нұсқаларын талқылап, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

№ 29, 41 ЖОМ облыстың 10 мектебінің қатарына «Мектептегі шахмат» республикалық пилоттық жобасына кіреді, аталған мектептерде 2 - 3 сыныптарда «Мектептегі шахмат» пәні енгізілді.