ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№ 16 мектепте хореография залы ашылды
10-12-2018 11:44
№ 16 мектепте хореография залы ашылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында, 2018 жылдың 8 желтоқсанында мемлекеттік-жекемешік әріптестік аясында Павлодар қаласындағы № 16 лицей-мектепте Инновациялық Еуразия университетінің және жеке кәсіпкер, жоғары санатты хореограф Виолетта Александровна Никитинаның демеушілік қолдауымен хореография залының ашылу салтанаты өтті. Зал барлық заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған (үлкен айналар қойылып, жайлы кілемдер төселген, жалюзи орнатылған).

 Мақсат - оқушылардың би мен музыкаға деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру, бишілік қабілеттерін дамыту (әуезділік, үйлесімділік, пластика, дене икемділігі, жеңілдік, көркемдік), қозғалыс өнерінің көмегі арқылы денсаулықты нығайту (күш пен төзімділікті дамыту, ағзаның аса маңызды физиологиялық жүйелері - жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерін белсенді ету), эстетикалық талғамды қалыптастыру, көркем шығармашылығы дамыған, өзіндік ойлау дағдысы қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу.

 Шараға ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, университеттің бірінші проректоры, профессор Евгений Борисович Никитин қатысты.

 Хореография залында сабақтан тыс уақытта барлық ықылас танытушылар, соның ішінде мектеп мұғалімдері де түрлі жанрдағы бимен шұғылдана алады. «Бүгін бізде ерекше оқиға, жекеменшік әріптестік аясында мектебімізде хореография залы пайда болды. Мұнда балаларымыз өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады», - деді өз сөзінде лицей-мектебінің директоры Татьяна Алексеевна Мигунова.

 Әзірге жаңа залда бастауыш сыныптардың оқушыларымен жұмыс жүргізу жоспарланып отыр. Онан соң барлық оқушылар жаппай қамтылмақшы. Сонымен қатар мектеп мұғалімдері де спорттық-балдық билерді үйрене алады (квикстеп, вальс, танго, ча-ча-ча, самба). Оқушылар мен мұғалімдерге дәріс беруші - 35 жылдық жұмыс тәжірибесі бар хореограф В.А.Никитина.

 Залдың ашылу салтанатында М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Анастасия» би-спорт клубының тәрбиеленушілері түрлі би жанрлары бойынша өнер көрсетті. Мектептің «Вдохновение» атты вокал студиясы музыкалық номерлерімен ерекше әсер сыйлады.