ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері директорларының кеңесі
11-12-2018 09:50
Қала мектептері директорларының кеңесі

2018 жылғы 10 желтоқсанда Павлодар қаласының № 11 ЖОМ қала мектептері директорларының кеңесі өтті.

Кеңес барысында мектептер кітапханаларының оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру бойынша қызмет тиімділігіне талдауы, оқу-тәрбиелеу үрдісіне ақпараттық-коммуникативтік технологияларды - қағазсыз құжат айналымын енгізу бойынша жұмысының жағдайы, мектептерде қатаң есептегі құзжаттарды есепке алу, беру және рәсімдеу жағдайы туралы тыңдалды.

Кәмелетке толмағандар арасында психалық белсенді заттар мен нашақорлықты қолданудың алдын алу бойынша білім беру мекемелерінің қызметі, мектеп мұғалімдерін тестілеу қортындылары қарастырылды.

Өрт қауіпсіздігінің нормалары мен Ережелерін сақтау және мектептерде төтенше жағдайларды алдын ала ескерту мақсатында, нормативтік құжаттарды жүргізу бойынша, тіршілік әрекетінің қауіпсіздік Негіздері пәнінен оқытуды ұйымдастыру, мекеме жұмыскерлеріне азаматтық қорғаныс негіздері мен төтенше жағдайлар орын алған кездегі сақтану бойынша ұсыныстар берілді.

Білім беру мекемелерінің жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз балаларды анықтау, орналастыру, уақтылы түрде бастапқы есепке тіркеу  бойынша жұмыстарының жағдайына мониторингі, мектептердегі соңғы 11 айға қылмыстылық жағдайы туралы мәселелері қарастырылды.

Кеңес қортындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтқазинамен мектеп директорларына мектеп асханаларында тамақтану сапасы бойынша, азаматтардың шағымдарысыз, электронды журнал мен «Күнделіктің» толтырылуын үнемі бақылауда ұстау туралы, «Bilimland» білім беру платформасын қолдану бойынша нақты тапсырмалар берілді. Мектептерде білімі туралы қатаң есептегі құжаттардың толтырылуына, рәсімделуіне, берілуіне, сондай ақ өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу, адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу бойынша жұмысының күшейтілуіне ерекше көңіл бөлінді.