ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған өлкенің мәдениеті мен тарихына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
11-12-2018 11:33
Туған өлкенің мәдениеті мен тарихына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Павлодар қаласының № 120 сәбилер-бақшасында вариативтік компоненттің «Өлкетану» оқу бағдарламасын іске асыру бойынша қалалық семинар өтті. Мақсаты - жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, туған өлкесінің мәдениеті мен тарихына деген сүйіспеншілікке, қоғамның мәдени, әлеуметтік өміріне белсенді қатысуына тәрбиеленушілерді үйрету жолдарын ұйымдастыру. Семинарға қала балабақшаларының ересек топтарының тәрбиешілері  қатысты.

Семинар қатысушыларына ересек топтарындағы «Өлкетану» вариативтік бөлімдерінде «Киіз үй», «Баянауыл өңірі» тақырыптарында оқу қызметтері көрсетілді. «Өлкетану» вариативтік бағдарламасының мазмұнын  ұйымдастыру жолдары» тақырыбында тәрбиеші Гүлхан Оразбайқызы Жұмабай,  Павлодар қаласының көркем-сурет мұражайы және Павлодар облыстық Г. Н. Потанин атындағы тарихи «Өлкетану» мұражайынмен жүрігізілетін жұмыстар туралы әдіскер Диана Тұрысбекқызы Гарифуллина және тәрбиеші Алия Талғатқызы Валиева баяндады. Сонымен қатар мұражайлардың қызметкерлерімен бірге жергілікті суретшілердің картиналары мен осы балабақшаның тәрбиеленушілері жұмыстарының көрмесін ұйымдастырды.