ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық жас музыканттар конкурсының үздік жеке орындаушысы
11-12-2018 11:51
Республикалық жас музыканттар конкурсының үздік жеке орындаушысы

Қазақстанның музыкалық мектептері мен өнер мектептерінің қатысушылары 2018 жылғы 24 қыркүйектен 30 қараша аралығында  51-ші қашықтық республикалық жас музыканттар конкурсында өз өнерлерін көрсетті.

Конкурсқа шамамен 150 жас музыкант қатысты. Қатысушылар келесі номинациялар бойынша өнер көрсетті - шекті-ысқы аспаптар сыныбы бойынша үздік жеке орындаушы, үрлемелі және ұрмалы аспаптар сыныбы бойынша үздік орындаушы, шекті-ысқы аспаптардың үздік ансамблі мен үрлемелі және ұрмалы аспаптардың үздік ансамблі.

Құзыретті қазылар алқасы өнерлерін конкурстың орындау бағдарламасының талаптарына сәйкестігін, көркемдік орындау деңгейін, техникалық шеберлігін, көркемділігін және тазалығын, әсерлігі мен мәнерлігін ескере отырып, бағалады.

Барлық өңірлердің 30 жеке орындаушысы мен 10 ансамблі конкурс жеңімпазы атанды. Жеңімпаздар қатарында Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің оқушылары да бар. Олар үрлемелі және ұрмалы аспаптар сыныбында жоғары нәтиже көрсетті. Орта топта Тимур Айтмагамбетов «Маримба, малый барабан» аспабы бойынша үздік жеке орындаушы атанды, педагогы Александр Александрович Андрющенко, концертмейстері Евгения Яковлевна Гуйо.  Кіші топта «Флейта» аспабы бойынша Аружан Сейтказина ІІІ орынды иеленді, педагогы Людмила Дмитриевна Романова, концертмейстері Светлана Евгеньевна Педанова. Оқушылар Алин Давид, Домарь Эдуард, Ахмедзянова Наиля, Муратов Айтуар сертификаттар алды.

Конкурс «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің музыкалық дарындыларын қолдау мақсатында өтті. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы болып табылады.