ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Менторинг - көптілділікті оқу үрдісіне енгізудің маңызды элементі
12-12-2018 10:35
Менторинг - көптілділікті оқу үрдісіне енгізудің маңызды элементі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Ұстаз» оқу орталығымен бірлесе отырып, менторлардың қызметін ұйымдастыру арқылы көптілділікті әдістемелік сүйемелдеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Ынтымақтастық мақсаты ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту үдерісіне енгізу мектеп педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.

Ынтымақтастық шеңберінде қала мектептері менторларының деректер қоры құрылды. «Білім-инновация» лицей-интернатының және «Ұстаз» оқу орталығына жетекшілік ететін ментор-оқытушыларымен кездесулер ұйымдастырылады. Әдістемелік сүйемелдеу қарым-қатынас алаңын құру, демалыс уақытында тілдік және курстан кейінгі сүйемелдеумен тәжірибелік-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда  көрнекі сабақтарды, оқу-әдістемелік кешен әзірлемелерін, сабақ бойынша жоспар  құрастыру және талдау, семинарлар мен бейнесабақтарды, өз контентін публикациялау,жұмыстарынұйымдастырумен қамтамасыз етеді. «Тілдерді меңгеруде  жүйелі де жемісті жұмыс жас ұрпаққа білім беруүрдісіне ағылшын тілін енгізуді қамтамасыз етеді», - деп атап өтті білім бөлімінің әдіскері Сәбитова Назира Сайделеновна.