ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» эссе конкурсын өткізу туралы
12-12-2018 12:36

 

Павлодар қаласы әкімдігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»атты эссе-конкурсы ұйымдастырылады.
Эссе конкурсы 13 желтоқсанда сағат 14.00-де Павлодар қаласының № 28 ЖОМ (Торайғыров көшесі, 24) 82 оқушының қатысуымен өткізілмек.
Қалалық конкурсқа 5 - 8 және 9 - 11 сыныптарарасынан мектепішілік кезеңде үздік деп танылған 2 оқушыдан қатысады.
Конкурстың мақсаты - латын негізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту.
Қатысушыларға эссе жазу туралы алдын - ала ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі, яғни конкурстың ережесі, жазу критерийлері, бағалау өлшемшарттары таныстырылады.
Қалалық конкурстың қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орын және 6 номинация белгіленеді. Конкурстың жеңімпаздары қала әкімінің грамоталарымен марапатталады.
Марапаттау рәсімі 2018 жылғы 14 желтоқсанда сағат 13.00-те № 16 ЖОМ (Айманова, 51) салтанатты түрде өтеді деп жоспарлануда.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі