ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының № 96 сәбилер бақшасы - «Радуга» үйлесімді даму орталығының инновациялық жұмыстәжірибесі туралы
12-12-2018 12:38

2018 жылғы 19 желтоқсанда Павлодар қаласының «№ 96 сәбилер бақшасы - «Радуга» Үйлесімді даму орталығы» МҚКК-да (Лермонтов көшессі, 97) Павлодар қаласының білім беру бөлімінің сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы өтеді.
Мектепке дейінгі мекеме «Балалардың жеке ерекшеліктерін, біліми қажеттіліктері мен икемділіктерін ескере отырып, олардың үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау» бағыты бойынша инновациялық қызмет туралы есеп ұсынады.
Қаланың мектепке дейінгі мекемелері әдіскерлерінің назарына педагогикалық тәжірибенің инновациялық форматтағы «Культурные практики», «Сase-study», Эвристическая образовательная ситуация», «Интеллектуально-досуговая деятельность», «Имитационно-моделирующая игра», «Модель 4К» атты ашық алаңдар ұсынылады, «Формирование фонематических представлений у детей 6 - 7 лет», «Музыкальная гостиная» авторлық компьютерлік бағдарламалары таныстырылады.
Инновациялық практикалар бойынша сұхбат алаңы Орталықтың жаңартылған білім мазмұны жағдайында дарынды және талантты балаларды оқытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері, инновациялық үлгідегі мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін жағдай жасау, «Радуга» үйлесімді даму орталығында ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесін көрсетуді топшылайды.
Сараптамалық кеңестің қорытындысы бойынша мектепке дейінгі мекеменің инновациялық қызметіне баға беріледі және алдағы даму перспективалары белгіленетін болады.