ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің мұғалімдері облыстық байқауда 6 жүлделі орынға ие болды
13-12-2018 18:07
Қала мектептерінің мұғалімдері облыстық байқауда 6 жүлделі орынға ие болды

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Ұжымдық оқыту тәсілінің үздік мұғалімі», «Үздік инновациялық жоба», «Үздік оқу-әдістемелік құрал» номинациялары бойынша ХVІІ облыстық байқау өткізді.

Конкурсқа облыстың қалалары мен аудандарынан 30-дан астам мұғалім қатысты, оның ішінде 11 қала мектептерінің мұғалімдері. Байқаудың мақсаты-педагогтардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру талантты педагогтарды қолдау және көтермелеу, педагог-зерттеушілердің шығармашылық әлеуетін дамыту.

Қатысушылар инновациялық жұмыс тәжірибесімен бөлісті, зерттеу қызметін ұйымдастыру және оқу-тәрбие үдерісінде технологияларды қолдану бойынша әзірлемелерді таныстырды, жаңа ұсыныстар мен идеяларды жасау және шығару, оларды практикалық формаларда жобалау және үлгілеу қабілетін көрсетті.

Конкурс қорытындысы бойынша ең көп жүлделі орындарды Павлодар қаласы мектептерінің мұғалімдері - 2 бірінші орын, 4 екінші орынды алды.

«Ұжымдық оқыту тәсілінің үздік мұғалімі» номинациясында I орынды № 34 инновациялық үлгідегі ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Наталия Петровна Шавенкова, II орынды № 39 ЖОМ орыс тілі мұғалімі Светлана Анатольевна Сабирова алды.

«Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша № 34 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Наталия Петровна Шавенкова I орынды, № 20 лицей - мектебінің биология мұғалімі Гүлдана Ерғазықызы Акпарова II орынды иеленді.

«Үздік оқу-әдістемелік құрал» номинациясы бойынша II орын-Балагазинова Айгерим Серикбаевна, № 1 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі, Жакупова Маншук Мубараковна, № 5 ЖОМ математика мұғалімі.

Өз жұмыстарында олар Б. Блум таксономиясына сәйкес оқушылардың пәндік құзыреттілігі мен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін жеке оқу тапсырмаларын, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тәжірибе мәселелерін шешу бойынша инновациялық жобаларды ұсынды.