ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туристік-танымдық квест-ойын қатысушыларының үздіктері
19-12-2018 12:12
Туристік-танымдық квест-ойын қатысушыларының үздіктері

2018 жылғы 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталғында танымдық белсенділігін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Туған елім - туған жерім» туристік-өлкетану квест ойыны өткізілді. Шараның мақсаты - танымдық белсенділігін нығайту, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, балалар мен жастар арасында туризм мен өлкетану және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Іс-шараға 110 астам Павлодар қаласының № 4, 9, 28, 30, 35, 39, 42 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, экология және туризм орталығы балалар бірлестіктерініңтәрбиеленушілеріқатысты. Квест-ойыны 6 аялдамадан тұрды «Қала ескерткіштері», «Қаланың мұражайлары мен ескі зұлым ғимараттары», «Арқа қоржынын салу», «Саяхатқа жиналу», «Дәрілік өсімдіктер», «Жұптық жарыс», «Тұсбағдармен бағдарлау».

Ойын барысында командалар маршруттық парақша көмегіменбағдар алып, әр аялдамада түрлі-түсті карточкалардағы тапсырмаларды белгілі бір уақыт ішінде орындады. Соңғыаялдамада қойылған сұрақтарға жауап берді.

Шараның қорытындысы бойынша I орынды «Одуванчики» командасы, жетекшісі Анастасия Михайловна Якубова, «Бәйтерек» командасы, жетекшісі Гүлжихан Манарбекқызы Алибаева, «Пираты» командасы, жетекшісі Оксана Николаевна Бовина иеленді.

II орынды «Родная природа» командасы, жетекшісі Наталья Николаевна Губарь, «Колибри» командасы, жетекшісі Алена Валерьевна Мицкевич, «Орхидея» командасы, жетекшісі Бақыт Қапасқызы Текенова иеленді.

III орынды «220 вольт» командасы, жетекшісі Инесса Николаевна Орт, «Біздің әлемі» командасы, жетекшісі Динара Мырзақанқызы Бектасова, «Экологика» командасы, жетекшісі Анастасия Михайловна Якубова иеленді. Команда жетекшілері Павлодар қаласы Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының педагогтары болып табылады.

Барлық қатысушылар мақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтармен марапатталды.