ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Алдағы екі күнде Қазақстанда 38 градусқа дейін аяз күтілуде
21-12-2018 09:01
Алдағы екі күнде Қазақстанда 38 градусқа дейін аяз күтілуде

Астанада, ШҚО, Қарағанды, Ақмола және Түркістан облыстарында дауылды алдын ала ескерту жарияланды.

21 - 22 желтоқсанда Қазақстанның кей облыстарында -38 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде. Дауылды алдын ала ескерту Астанада, ШҚО, Қарағанды, Ақмола және Түркістан облыстарында жарияланды, деп «Қазгидромет» РМК хабарлады.

«21,  22 желтоқсан күндері түнде Шығыс-Қазақстан облысында ауа температурасы -33 - 38 градусқа дейін төмендеуі күтілуде. Ақмола облысында аймақтың оңтүстік бөлігінде аяз  30 - 33 градусқа дейін күшейеді, Қарағанды облысында - 32 - 35 градус аяз болады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90 - 95%», деп хабарландыруда айтылған.

Астанада 21 желтоқсан күні кешке ауа температурасы -30 - 32 градусқа дейін төмендейді. Дауылды алдын ала ескерту жарияланды.

«Астана тұрғындары 21-22 желтоқсан күндері қатты аяз күтілетіні жайлы SMS-хабарландырулар алды», – деп «Қазгидрометте» хабарлады.

Қолайсыз күн райы оңтүстік аймақтарға да жетеді - 21 желтоқсанда Түркістан облысында дауылды алдын ала ескерту жарияланды.

«Облыста тұманды болады, таулы аймақтарда боран және желдің күшеюі секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90 - 95%», деп хабарландыруда айтылған.