ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Алты жасар Аняның Чехияда алған марапаты
21-12-2018 10:48
Алты жасар Аняның Чехияда алған марапаты

Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары Чехияның Лидиц қаласында өткен «Су - алтыннан да қымбат» атты 46-шы Халықаралық көркем туындылар көрмесіне қатысты. Осы жылы байқауға 79 әлем елінен, сондай-ақ, Қытай, Жапония, Филиппины, Индия, Кения, Малайзия, Шри-Ланка, Зимбабве сияқты алыс елдерді есептегенде қатысушылар саны 2900 рекордтық санға жетті.

Сайыс-көрмесіне мектеп оқушыларының 17 суреті жіберілді. 6 жасар Аня Кудинова «Суда» жұмысы үшін құрмет грамотасымен марапатталып, байқаудың жинақтау көрме құрамына енді. Аня өзінің композициясын гуашь бояуларын пайдалана отырып, сүйікті кескіндеме техникасында орындады. Аня Кудинова мектебімізде екінші жыл білім алуда, осы аралықта бірнеше рет әртүрлі сайыстарға қатысып үлгерді. Сайыс қатысушысын, кескіндеме пәнінің өте тәжірибелі маманы, мектеп басшысы Наталья Васильевна Герусова дайындады.

Комиссия мүшелері қатысушылар арасынан ең үздік деп танылып, марапатқа ие болған 1246 жұмысты іріктеп алды. Байқаудың қорытынды көрмесі Ресейдің, Воробьёв тауында орналасқан Мәскеу пионерлер сарайында өтті.  Көрмені Чех республикасы елшісінің орынбасары Петр Кроужек, сонымен қатар Мәскеу пионерлер сарайы директорының орынбасары Антон Баранов ашты. Осы іс-шара Чех республикасының мәдениет Министрлігімен ұйымдастырылып, ЮНЕСКО қолдауымен өтуде. Ал болашақта өтетін сайыстың тақырыбы «Химия» деп шешілді.