ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Rubik,s Cube» сайысының жетістіктері
24-12-2018 16:09
«Rubik,s Cube» сайысының жетістіктері

2018 жылдың 22 желтоқсанында Павлодар қаласының Назарбаев интеллектуалды мектебінде химия-биология бағытында ерекше «Rubik,s Cube» атты кубик рубик жинау сайысы болып өтті. Мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту,комбинаторлық және кеңістіктік ойлауға, креативтілікке, танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу, кубик рубик жинау сайысына және оның даму тарихына қызығушылығына арттыру.

Кубик рубик жинау сайысына жеке-топтық құрамда Павлодар қалалық мектептерінің, Семей, Өскемен, Павлодар қалаларының Назарбаев интеллектуалды мектептерінің 6 - 10-сынып оқушылары қатысты. Сайыстың әр түріне топтан бір қатысушыдан қатысты. Сайыс мынадай түрлер бойынша өтті - 2х2х2, 3х3х3, 4х4х4, 5х5х5, пирамида.

Сайыс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 19 ЖОМ  командасы III орынды иеленді, сайыстың 3х3х3 түрі бойынша 8-сынып оқушысы Сулеймен Даниял I орын, 4х4х4 түрі бойынша 8-сынып оқушысы Солтан Алишер II орын алды. Пирамида түріне 8-сынып оқушылары Смаилов Мансур, Еркин Данияр, Дастанов Дильшат қатысты. Сайыс жеңімпаздары Назарбаева Интеллектуалды мектебінің мақтау қағазымен марапатталды.