ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Болашаққа қадам
25-12-2018 09:57
Болашаққа қадам

2018 жылғы 21 желтоқсанда Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде, мектептің 75 жылдығына арналған мерейтой концерті өтті. Мерейтой концертін Куаныш Ермекбаев және Нурлан Кайшановтың жетекшілігімен қазақ ұлттық аспаптар оркестрі ашты. Құрманғазының «Адай» әуені тегіннен тегін таңдалған жоқ, себебі бұл балалар музыка мектебі халықтың ұлы музыканты, композитор және атақты күйшінің есімімен аталған.

Мектеп өз тарихын 1943 жылы бастады. Мектептің ашылуына Ленинград блокадасынан шығарылған әнші Антонина Александровна Смирнова және музыка жетекшісі, Мәскеу консерваториясының педагогы Гита Абрамовна Балтер бастамашылық етті.

Бүгінгі күні мектепте алғашқы педагогтар ұрпағы мен оқушылар аманат еткен дәстүрлер жалғасуда. Мектеп қаланың көптеген білім беру және мәдени мекемелерімен - музей, кітапхана, шығармашылық орталықтар, қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықта.

Музыка мектебінде оқыту 7 бөлімде 20 мамандық бойынша 500 оқушы білім алуда. Мектеп оқушылары - халықаралық фестивальдер, әртүрлі деңгейдегі конкурстардың бірнеше дүркін лауреаттары, алыс және жақын шетелдерде мектептің, қала мен республиканың намысын қорғайды.

Әртүрлі елдерде жүрген түлектер мен педагогтардан құттықтау телеграммалары мен бейне құттықтаулар келді. Салтанатқа білім беру бөлімі басшысының орынбасары Людмила Петровна Казанцева, «Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестік филиалының төрайымы Сабира Шакеновна Сеитова, Қазақстан халқы ассамблеясының «Бірлік» алтын медаль иегері, Славян мәдени орталығының төрайымы  Татьяна Ивановна Кузина, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Виктор Петрович Денисенко, мектептен тыс ұйым басшылары қатысты.

Концерттік бағдарламада «Фантазия» балет студиясы, мектеп түлегі, «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп» кешені» ММ фортепиано бөлімінің меңгерушісі  Марго Колаян «Прииртышье» казактардың әндері ансамблі өнер көрсетті. Мектеп басшысының орынбасары Алтынай Нурумжановна Акимханова «Мектебіміз туралы қызығарлық өткені, қазіргі жақсысы мен керемет болашағы бар екенін сеніммен айтуға болады. Мектеп сапалы білім берудің жоғары стандарттарына талпына отырып, жаңа мәдени жобаларды игеріп, кәсіптік дағдыларды оқыту және жетілдіру үшін жаңа шыңдарды бағындыра отырып, табысты және қарқынды дамуда», - деп атап өтті.