ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі ұйымдарда көркем - эстетикалық орталықтарды құру
25-12-2018 12:48
Мектепке дейінгі ұйымдарда көркем - эстетикалық орталықтарды құру

Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында 2018 жылғы 20 желтоқсанда Павлодар қаласындағы № 126 сәбилер бақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда пәндік-дамытушылық ортаны құрастыру» тақырыбына облыстық семинар өткізiлдi. Мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдарда пәндік-дамытушылық ортаны құру мәселелесі бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Семинар жұмысына облысымыздың мектепке дейінгі ұйымдарының 50-ден астам педагогтары қатысты. Сәбилер бақшасының басшысы Марина Александровна Зыкина семинар қатысушыларына мектепке дейінгі ұйым қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, әдіскер Наталья Вениаминовна Лопатина мектепке дейінгі ұйымдарда көркемдік-эстетикалық орталықтарды құру бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. Практикалық бөлімде «Телеарна балақайлары» балалар телестудиясының, «Кішкентай ісмерлер» дизайнерлік студиясының, «Полиглот» студиясының ашық байқаулары ұйымдастырылды, «Өнер синтезі» студиясының балалары «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісінің премьерасын ұсынды. Қатысушылар әдістемелік ұсыныстар мен алмасты.