ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының жеңімпаздары
25-12-2018 16:59
«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының жеңімпаздары

 Видео-бақылау мен видео-сабақты өткізу бойынша «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының облыстық сатысында Павлодар қаласы мектептерінің 24 педагогы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, ал республикалық деңгейіндегі жеңімпаз бен жүлдегер қатарына № 16 мектеп-лицейінің, № 24, 40 және Кенжекөл ЖОМ-ның мұғалімдері енді. Облыстық кезеңді Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің «Өрлеу» біліктілігін арттыру институтының филиалы желтоқсан айында өткізген болатын.

Республикалық кезең қорытындысы бойынша қаламыздың 4 конкурсанты да жүлделі орындарға ие болды.

І орынға және 90 000 теңге сертификатқа ие болған №24 ЖОМ мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Ардақ Хайербаев.

№ 16 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Жанар Жаксылыковна Жаксылыкова, № 40 ЖОМ-ның ағылшын тілі мұғалімі Алеся Михайловна Галаган және Кенжекөл ЖОМ-ның физика пәнінің мұғалімі Алибек Жумажанович Калиаскаров ІІІ орын мен 45 000 теңге сертификат иегерлері атанды.

№ 6 балабақша жетекшісі Лазат Мырзабаевна Кожабаева, № 8, 10 балабақша тәрбиешілері Макпал Егеубаевна Сырымбаева, Гульнур Баймаханбетовна Бекболатова және № 104 балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Серик Агыбаевич Курмангазинов алғыс хатпен марапатталды.