ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Құстарға қамқорлық
25-12-2018 19:39
Құстарға қамқорлық

Қыс мезгілі құстар үшін өте суық пен аштық кезі. Сондықтан адамдардың көбі кішкентай  қорғаусыз құстарға қамқорлық көрсетуге тырысады. Ата-аналар балаларына түрлі  жем салатын астауларды жасауға көмектеседі. Оларды коробкалардан, ағаштан, бос пластик сауыттарынан жасайды. Құстарға жем салатын астау жасауға бәрі де жарайды. Ең бастысы, сапалы жасау үшін қиялдары мен шебер қолдары қажетті. Астауды ілгесін, оның ішіне шеуілдіктер, нан қоқымын, асқабақ тұқымдарын және де басқа жем салуға болады.

Құстарға қамқорлық көрсету мақсатымен Павлодар қаласының № 17 ЖОМ «Құстар кафесі» атты науқаны өткізілді. Науқан кезінде 5  сынып оқушылары белсенділік көрсетті. Олар құсқа жем салатын 10 астауларды жасады. Әрқайсысы үлкен сүйіспеншілікпен жасалды. Орнатқанда, шеберлер  ағаштар мен қоршаған ортаға зиян келтірмейтін материалдарды қолданды. Бір ай бойы сынып оқушылары далаға шығып, құстардың астауларын әлсін-әлсін жемге толтырып отырады. Біздің кафе қонақтарын бақылаған өте қызықты. Торғайлардан басқа ірі құстар да ұшып келеді. Қамқорлықты күтетін жандарға осындай көмек көрсету жөн. 5 сыныптың оқушысы Аружан Аяшева: «Астаулар - пайдалы және керекті нәрсе, сондықтан оларды көбірек  жасап, әр түрлі жерлерге ілу керек. Осындай «Құстар кафелеріне» кішкентай құстарды тамақтануға шақыру керек» - дейді.