№ 40 мектептің Павлодар қаласының ішкі істер басқармасымен ынтымақтастығы шеңберінде Павлодар ауылының шаңғы базасында қысқы спорт түрлері бойынша «Полицейлік қыс» фестивалі өтті. Спорт фестиваліне мектептің аз қамтылған отбасыларынан 40 оқушы қатысты.
Жарыс бағдарламасы мектептің дене шынықтыру мұғалімдері мен қаланың құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе әзірленіп, өткізілді. Оқушылар үшін қысқы спорт түрлері - хоккей, шаңғы жарысы, шанамен сырғанау, қар қалашықтарын салу бойынша конкурстар мен жарыстар ұйымдастырылды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша Павлодар қаласы ішкі істер басқармасының басшысы Б. З. Байбуринов оқушыларға сыйлықтар мен жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Фестивальдің барлық қатысушылары үшін таза ауада мерекелік түскі ас ұйымдастырылды. Фестивальға қатысқан ата-аналар оқушылардың қысқы кезеңде бос уақытты қамту ойындарына, іс-шараға үлкен қызығушылық танытқанын атап өтті.