ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балаларға қамқорлық керек
04-01-2019 16:38

 

Балаға өзінің жанұясынан (отбасынан) артық ештеңе жоқ. Тіпті жетімдер үйіндегі аяулы тәрбиешілерінің өзі де – ағайын емес. Әрине, адамдардың көбісі бірден бала асырап алуға дайын емес. Алайда балаға тәрбие берудің басқа да түрлері бар. Мысалы, патронат ол бала үшін – отбасын тауап алуға деген алғашқы қадамы.
Соңғы кездері тәрбие берудің осындай балама формасы, патронатты тәрбиелеу, Қазақстанда кең таралды және де көптеген адамдар көңіл бөлуде.
Патронаттың ең басты мәні - ол баланың әлеуметтік беймделуін қамтамасыз ету. Ол дегеніміз, патронатты тәрбиеге алынған бала, отбасына тап болған кезде, толыққанды күтім алады, біреудің көңілінде және қамқорлығында болады. Сонымен қатар бала, отбасында өмір сүруге дағдыланады, өздігінен өмір сүруге бейімделеді.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес патронатты тәрбиелеу туралы Ереже негізінде, патронат формасындағы қамқоршылық пен қорғаншылық ата-анасының қамқорлығысыз қалған, соның ішінде білім беру мекемелерінде, дәрігерлік немесе өзге де мекемелерде тұратын, кәмелетке толмаған балаларға тағайындалады.
Баланы отбасына алып тәрбиелеуге ниет білдірген тұлға мен қамқоршылық және қорғаншылық бойынша қызметтерді іске асыратын орган арасында жасалған, баланы патронатты тәрбиеге беру туралы келісім-шарт, Патронатты тәрбиелеуге беру негізі болып табылады.
Бала, патронатты тәрбиелеушінің тәрбиесіне, келісім шартта белігіленіп қарастырылған мерзімге беріледі. Патронатты тәрбиешіге берілген, баланы асырау үшін ақшалай қаражат төлемдері ай сайын жүргізіледі.
Отбасылық тәрбиені қамтамасыз ету үшін баланы (балаларды) патронатты тәрбиеге беру баланың (балалардың) көңілін (ниетін) ескере отыра іске асырылады.
Павлодар қаласында 22 жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар 14 патронатты отбасыларда тәрбие алып жүр.
Осындай отбасылардың бірі Асемгүлдің жанұясы, оның айтуынша: «Басында біз бір баланы патронатты тәрбиелеуге алдық. Ол кезде Амир 2 жастатын. Ол өте елгезек, жігерлі бала болатын және ешкімменде сөйлеспейтін. Ал қазір Амир жатырқамайтын, сөйлескіш (әнгімешіл) бала. Біз тек осылай жасауды шештік – және оны асырап алдық. Дегенмен ол жолдасым екумізді бұрыннан әке және ана дейтін. Биылғы жыл біз тағы екі қыздың патронатты тәрбиелеушілері болдық, олар Алия, 3 жаста, Сания - 1 жас 8 айда, біз осы қыздарды да асырап алғымыз келеді. Содан кейін біз отбасында екі ұл екі қыз болғандай, тағы бір ұл баланы алуды жоспарлап отырмыз».
Бұл ағайын-туысы емес, бөтен бала өз баласындай болудың бір үлгісі.
«Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ қамқрошылық және қорғаншылық секторы патронатты тәрбиелеуге берілген балалардың қалай тәрбиеленуіне және ұсталуына тұратын жерлері бойынша жылына екі рет барып бақылау жасап отырады. Сондай ақ патронатты тәрбиешілер жылына екі рет қамқоршылық және қорғаншылық секторына баланың денсаулық жағдайы мен білім алуы бойынша есеп береді.
Патронатты тәрбиелеуге берілген балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар үшін заңнамамен белгіленген, әлеуметтік қорғау шаралары қолданылады. Ай сайын (патронатты тәрбиеші мен қамқоршылық және қорғаншылық қызметтерін іске асыратын орган арасында шарт жасасқан күннен бастап) патронатты тәрбиелеуге берілген, балаларды асырау үшін ақшалай қаражат төлемдері жасалады.
Жыл сайын қаламызда патронатты отбасылар саны артып келеді. Патронатты тәрбиеші болуға ниет білдірген азаматтар болса төмендегідей мекенжайға жүгінуге болады: Павлодар қаласы, Кривенко көш., 25, 401 кабинет қамқоршылық және қорғаншылық секторы.
Барлық балаларға қамқорлық керек, олармен адамдар көптеген сергелдеңге түседі, тек қана ақжүректі тәрбиешілер ғана әр баланың тілін таба біледі.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі
қорғаншылық және қамқоршылық секторы