2019 жылы 10 қаңтарда сағат 14.00-де № 7 ЖОМ (Жеңіс алаңы, 13) Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қаланың жалпы білім беру мектептерінің 8 - 11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» байқауы өткізіледі.
Байқау мақсаты - талантты балалардың шығармашылық қабілетін қолдау.
«Акберен» байқауы 6 номинация бойынша өткізіледі:
«Шешендік өнер» - тапсырылған тақырып бойынша өз пікірлерін айту.
«Көркемсөз оқу» (поэзия, проза, драма) – қатысушы өз таңдауы бойынша шығармадан үзінді оқиды.
«Шығарма» - берілген тақырыпқа шығарма жазу (2 сағат).
«Ұлттық аспапта ойнау» - таңдауы бойынша домбыра, қобыз, жетіген аспаптарында шығарма ойнау.
«Ақындар айтысы» - суырып салма өлең.
«Ақындар мүшәйрасы» - өзі шығарған өлеңін оқу.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады. І дәрежелі диплом иегері қаңтар айында байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.
Тел. 322343
Павлодар қаласының білім беру бөлімі