Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепті өзің таңда
08-01-2019 17:45
Мектепті өзің таңда

Павлодар қаласының  білім беру мекемелерінде мектепке дейінгі мекемелерінің балаларымен, ата-аналарымен, қызметкерлерімен  кездесулер ұйымдастырылуда. Кездесудің мақсаты мектептің материалдық базасымен, ұстаздарымен және оқушылар жетістігімен таныстыру. Мектепті дұрыс таңдау - болашақ бірінші сынып оқушысының  ата-аналары үшін жауапты қадам. Осы мәселе төңірегінде мектептерде өткізілетін Ашық есік күнінің рөлі өлшеусіз.

Мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер арасындағы  бірлескен жоспар негізінде Павлодар қаласының  № 7  мектебінде Ашық есік күні болып өтті. № 19 балабақша бүлдіршіндері, ата-аналары және тәрбиешілері  шақырылды. Мектеп директоры  Бекбосынова Халида  Васильевна ата-аналарға және тәрбиешілерге  мектеп оқушыларымен ұстаздарының жетістіктері жөнінде айтты. Балаларға «Өз қолымыздан  шыққан кереметтер» атты оқушылардың шығармашылық  жұмыстарынан көрме ұсынылды, мектеп бойынша экскурсия өткізілді. Бастауыш  сынып ұстаздары  Хабдесова Қарлығаш Баянбаевна, Малгаждарова Лаура Бейсенгалиевна  олармен математика мен жаратылыстанудан  ашық сабақтар өткізді. 1 - 2 сынып оқушылары концерттік бағдарлама ұсынды.  Ашық есік күні аясындағы кездесулер жалғасын  табады.