ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ұлы дала ұрпағы» театрландырылған қойылымдардың қалалық байқауы туралы
09-01-2019 10:50

2019 жылдың 11 қаңтарда сағат 15.00-де Павлодар қаласы № 6 сәбилер бақшасында (Ак. Сәтбаев көшесі, 241) мектепке дейінгі мекемелер арасында қалалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауы өтеді. Байқау Президентіміздің «Ұлы даланың жеті қыры» идеясын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткізіледі.
Мақсаты – балалардың өз елінің тарихына, мәдениетіне және бай мұрасына деген қызығушылықтарын қалыптастыру, балалар шығармашылығы мен театрландырылған іс-әрекет арқылы педагогтар, ата-аналар мен балалардың ынтымақтастығын дамыту, мектепке дейінгі мекемелер педагогтарының театрландырылған қойылымның сценарийін құрастырудағы шығармашылық ізденістерін қолдау.
Байқауға қаланың 12 мектепке дейінгі мекемесі қатысады.
Байқаудың шарттары:
туған өлкесінің тарихынан білімдерін, сахналық алаңда шығармаларын
мәнерлеп оқи білу қабілеттерін көрсету
қойылымның мазмұнында тарихи сюжет болу керек
көркем бейнені мәнерлеп орындау;
көркемдік және музыкалық безендірілуі, декорация, костюмдер
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қ. білім беру бөлімінің дипломдары мен алғыс хаттарымен марапатталады, «Үздік сценарий», «Үздік орындаушы», «Үздік костюм» номинациялары анықталады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі