Павлодар қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау» атты қалалық семинар 2019 жылғы 8 қаңтарда № 23 балабақшада өтті.
Мақсаты - мектепке дейінгі мекемелердің педагог қызметкерлерін аттестаттаудың ұйымдастыру-әдістемелік аспектілері бойынша білімді өзектендіру.
Семинар тыңдаушыларына Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісінің орынбасары Г. Ш. Шиндлярская нормативтік-құқықтық базаға, құжаттарға, аттестация өткізу процедурасына, кәсіби қызметке талдау жасауға, педагогтардың портфолиосын жинақтауға қатысты өзекті мәселелер бойынша түсініктеме берді және жауаптар берді.
Семинарға қатысушыларға электрондық тасымалдағышта әдістемелік ұсынымдар, құжаттарды толтыру үлгілері түрінде үлестірме материалдар ұсынылды.
Семинар интерактивті форманы - аудиториямен аттестаттау мәселелері бойынша ашық диалогты қолдана отырып өткізілді. Семинарға қатысушылар педагог қызметкерлерді аттестациялаумен байланысты сұрақтарға сауатты және толық жауап алды.