ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дарынды балалардың интеллектуалды деңгейін арттыру және танымдық қызығушылығын дамыту
11-01-2019 16:56
Дарынды балалардың интеллектуалды деңгейін арттыру және танымдық қызығушылығын дамыту

    Дарынды балалармен жұмыс Павлодар қаласының № 34 ЖОМ педагогикалық ұжымының қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Мектептің 5 - 11 сынып оқушыларының 500-ден астамы түрлі деңгейдегі интеллектуалды конкурстардың мен жарыстардың тұрақты қатысушылары болып табылады, зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады, мектептің 100-ден астам оқушысы ғылыми-практикалық конференцияларда өз ұсынған жобалары қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдарына ие.

   Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында білімді тереңдету, танымдық қызығушылықты дамыту және интеллектуалды деңгейін арттыру үшін, халықаралық және республикалық қашықтықтағы олимпиадаларға және конкурстарға қатысу тәжірибесі қолданылады.

    Тоғызыншы сынып оқушыларына химия сияқты ғылымда өз білімін сынап көруге, «Тенгри-химик» халықаралық көпрофильді командалық олимпиадаға қатысу арқылы, химия әлеміне ену мүмкіндігі туды. Олимпиада қараша және желтоқсан айларында екі кезеңде өтті. Конкурстыңәркезеңінде «қиыннан қарапайымға» принципі бойынша олимпиадалық тапсырмалар ұсынылды. Олимпиада қатысушыларымен алынған ұпайлардың саны, ең күрделі тапсырмаларды орындауға байланысты болды.

   9 лицей сынып оқушылары Арчаков Аюб, Левин Михаил, Рымар Елизавета, Петерс Милена, Амельченко Маргарита, Тайчик Алиша, Сатлаева Юлия, «Алхимиктер» командасы құрамында жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, олимпиада кубогын жеңіп алды. Оқушыларды еңбек өтілі 30 жылдан астам, жоғары санатты, химия пәнінің мұғалімі Наталья Германовна Дремова дайындады.

   Мектепте бұл бірінші жеңіс емес. Өткен оқу жылында 5-ші сынып оқушылары командасы «Тенгри-лингвист» кубогын жеңіп алды, 7 - 8-ші сынып оқушыларының командасы I орынды иеленді. «Дарынды, талантты балалар - кезкелген мемлекеттің мүддесі, дарынды балаларды анықтау және дамыту үшін жағдай жасау, олардың потенциалдық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету, қазіргі заманғы қоғамның басым әлеуметтік міндеттерінің бірі», - дейді мектеп директоры Болат Қапкенұлы Айғожин.