Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық «Ақберен» байқауында қаланы төрт мектептің оқушылары ұсынады
11-01-2019 17:53
Облыстық «Ақберен» байқауында қаланы төрт мектептің оқушылары ұсынады

     2019 жылы 10 қаңтарда Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» «Ақберен» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді. Байқауға қаланың 15 жалпы білім беру мектептерінен байқауыға 65 жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатысты. Қалалық байқауда 41 оқушы жүлделі орын алды, оның ішінде (4 орын бойынша) ең көп ұпай жинаған № 37, 38, 7, 2, 20 ЖОМ оқушылары.

     «Шешендік өнер» бағытында 7 оқушы жүлдегер атанды, оның ішінде ІІ дәрежелі дипломмен № 38, 19, 12 ЖОМ оқушылары, ІІІ дәрежелі дипломмен № 33, 7, 35, 37 ЖОМ оқушылары марапатталды. № 38 ЖОМ 7 сынып оқушысы Ақтан Әділет «Тілін білмеген - түбін білмейді» тақырыбы бойынша классиктердің шығармаларынан қанатты сөздерді келтіріп, халық мақал-мәтелдерін және сөздерін қолданды.

     «Көркем сөз оқу» бағытында 8 оқушы жеңімпаз атанды. І дәрежелі дипломмын № 38 ЖОМ 8 сынып оқушысы Сурумбетова Камила иеленді, ол Оралхан Бөкеевтің «Жесірлер» шығармасын оқыды және шығармадағы болған оқиғаның қайғысын көрсете алды. ІІ дәрежелі дипломмен № 2 , 20, 33 ЖОМ оқушылары, ІІІ дәрежелі дипломмен № 25, 1, 37, 35 ЖОМ оқушылары алды.
«Шығарма жазу» бағытында І дәрежелі диплом иегері № 33 ЖОМ 9 сынып оқушысы Кунашева Дилнұр, ІІ дәрежелі диплом иегерлері № 12, 20, Кенжекөл ЖОМ оқушылары, ІІІ дәрежелі диплом иегерлері – № 7, 37, 2, 19 оқушылары. Дилнұра «Латын әліпбиіне көшу - өмірдің қажеттілігі» тақырыбын таңдады өз шығармасын А. Байтұрсыновтың «Ел - бүгіншіл, менікі - ертең үшін» дәйек сөзінен бастады.

    «Ақындар мүшәйрасы» бағытында І дәрежелі дипломмен № 19 ЖОМ 11 сынып оқушысы Бауыржанқызы Жанель марапатталды. Ол өзі шығарған «Желтоқсан» тақпағын оқыды. ІІ дәрежелі дипломмен № 12, 2 ЖОМ оқушылары ІІІ дәрежелі дипломмен № 38, 35, 30ЖОМ оқушылары марапатталды.

    «Ұлттық аспапта ойнау» бағытында І дәрежелі дипломмен № 2 ЖОМ 9 сынып оқушысы диплома Аубакиров Айдос иеленді. Ол «Кербез киік» Күлшара күйін орындады және домбра ойынымен әсер қалдырды. ІІ дәрежелі дипломант № 22, 20, 1 ЖОМ оқушылары, ІІІ дәрежелі дипломмен № 25, 12, 38 ЖОМ оқушылары марапатталды.

   «Ақындар айтысы» бағытында ІІ дәрежелі диплом иегерлері № 37, 33 ЖОМ оқушылары, ІІІ дәрежелі диплом иегерлері - № 20 мектеп-лицей оқушылары.

    Қала байқауының жеңімпаздары № 2, 19, 33, 38 ЖОМ оқушылары 15 қаңтарда облыстық кезеңде қала абыройын қорғайды.