ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инклюзивтік білім - барлық балаларға бірдей білім беру
12-01-2019 12:42
Инклюзивтік білім - барлық балаларға бірдей білім беру

   2019 жылдың 11 қаңтар күні Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 26 жалпы орта білім беру мектебінде «Ерекше білімді қажет ететін балалардың түзету, бейімделу және әлеуметтену жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша семинар-практикум жұмысын өткізді. Аталған семинарға 160 астам қаланың жалпы орта білім беретін мектептерінің директор орынбасарлары, психологтары, логопед мұғалімдері және бала-балақшалар мен шағын орталықтардың әдіскерлері қатысты.

   Семинар қатысушылары «Инклюзивтік білім беру - барлық балаларға бірдей білім беру» бойынша бейнефильмін көрсетілды. Облыс білім беру басқармасының интернат ұйымдары жөніндегі бөлімнің жетекшісі Гульмира Каирбергеновна Баширова облыстың білім беру мекемелердегі инклюзивтік білім беру бойынша ақпарат берді. Ол инклюзивтік білім беру жұмысын ұйымдастыру бойынша нормативтік – құқықтық базасы және ерекше білімді қажет ететін балалар мектеп бітірген соң берілетін қатаң есептегі құжаттар туралы сөз етті. Республикалық семинарлар мен конференцияларда логопедтердің қайта даярлау курстан өтуі, мұғалімдер, логопед, психолог және білім беру мекеме жетекшілерінің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша жауап берді. Астана қаласы «Дара» бағдарлама және жобалар қорының директоры Марал Серикбаевна Шешембекова республикадағы қайырымдылық қорларының ерекше білімді қажет ететін балалар үшін ресурстық орталықтар ашу, өз-өзін жетілдіру, бейімделу және қазіргі уақытта өмір дағдыларына үйрету үшін оларға мүмкіндік беру туралы мәселесіне тоқталды. «Қазақстанда инклюзивтік білім берудің дамуы» тақырыбы бойынша қордың және халықаралық ұйымдардың жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, жобаларды жүзеге асыру, мектеп пен педагогикалық ұжымдарға көмек көрсету туралы сөз етті. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту үшін диагностика жұмысын жүргізу және бағдарламаны анықтау мәселесі бойынша медициналық-психологиялық-педагогикалық кеңес беру жұмысының жетекшісі Сұлушаш Айткеновна Айтпаева тыңдалды. Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасауда психологтар, логопедтер, пән мұғалімдері, ата-аналар жұмысына әдістемелік жағынан қолдау көрсету,ерекше білімді қажет ететін балаларға түзетушілік қолдау көрсету үшін қаланың жалпы білім беретін мектептерде мамандырылған кабинеттер ашу мәселелері туралы қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісінің м. а. Шолпан Саменовна Нурахметова тыңдалды.

   № 26 ЖОМ педагогикалық қолдау кабинетінде мектептің педагог-психолог мұғалімі Ирина Владимировна Карпова қала мектептерінің психологтары үшін сабақ жүргізіп, өз кеңесін берді. Ол «Ерекше білімді қажет ететін балалардың ойын арқылы әлеуметтенуі» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Мектептің логопед мұғалімі Юлия Анатольевна Пшенко балалармен жұмыс жасауда «Нумикон» оқу құралын қолдану туралы айтты. Бала-бақшалар мен шағын орталықтардың әдіскерлері мектеп ауласында орналасқан Павлодар ауданының психологиялық-педагогикалық түзетушілік кабинетін аралады. Онда олар кабинет жетекшісі Динара Магжановна Кайсинаның өзі жеке құрастырған мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даму картасымен танысып, одан 0-ден 18 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша біліктілік кеңестерін алды.

    Семинар қатысушылары № 26 ЖОМ ресурстық инклюзивтік қолдау орталығының жұмысымен, «SAMRUK-KAZYNA TPUST» әлеуметтік жобалар даму қорының қолдауымен Астана қаласы «Дара» республикалық қайырымдылық қоғамдық қорының 2018 жылы желтоқсанда ашылған пилоттық режим жұмысымен танысты. Кабинет 4 жұмыс аймақтан тұрады: ата-аналарға кеңес беру аймағы, баланың динамикалық даму аймағы, мұғалімдердің топпен жұмыс жасау аймағы және жеке жұмыс аймағы. Кабинет техникамен жабдықталған (моноблок, түрлі түсті принтер, ламинатор),динамикалық даму үшін жабдықтар (үлкен доптар, жұмсақ жиһаз) мұғалім үшін әдістемелік оқу құралдары бар. Сондай-ақ, демалу орны, оқу аймағы және дидактикалық ойындар бар. Талаптарға сәйкес түзетушілік жұмыстарын жүргізу үшін қажетті оқу материалдары бар. Мектептің педагогикалық ұжымы, психологтар мен логопедтер «Дара» қорымен ынтымақтастығы аясында оқыту семинарларына қатысты. Астана қаласы № 68 мектептің түзетушілік кабинетін және № 19 мектептің ресурстық орталығын аралады. Бүгінгі таңда ресурстық орталығы үйде оқытылатын балалармен жұмыс жасау режимінде.

    Семинар материалы қала мектептеріне жұмыс жасау үшін жіберілді. Мектеп және Павлодар қаласының білім беру бөлімінің сайтында орналастырылған. Инклюзивтік білім беруді үйлестіретін директор орынбасарларына, психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтар және қала мектептерінің тьютерлеріне арналған семинарлар ай сайын өткізіледі.