Павлодар қаласының №42 мектебінде негізгі сабақтар мен арнайы курстарда көптілділікті химия, биология, физика, информатика мұғалімдері енгізуде. Сабақ жүргізетін педагогтар тиісті курстардан өтті - В1 деңгейі 74 педагог, В2 - 14, С1 - 46. Мектепте көптілділікті оқытуды енгізу және оқытуда заманауи әдістер мен тәсілдерді қолдану Әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі айқындауға қабілетті, бірнеше тілді меңгерген, үш тілде коммуникативтік-әрекеттік операцияларды жүзеге асыруға қабілетті көпмәдениетті тұлғаны дамытуға ықпал етеді.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті ағылшын тілінде жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқыту үдерісіне көптілділікті енгізуге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Химия пәні мұғалімдерінің шығармашылық топтарымен көптілділік бойынша кезекті отырыс өткізді.
Отырыста № 5, 2 ЖОМ 7 - 8 сынып оқушыларына арналған жаңартылған бағдарлама бойынша ағылшын тілінде дидактикалық құралдар құрастыру бойынша тәжірибелік жұмыс өтті. Химия бойынша шығармашылық топтың қатысушылары балаларды ынтымақтастықта оқытуға және оқушылардың ақпаратты жақсы меңгеруі үшін коллаборативті орта құруға, оқыту үдерісіне белсенді қатысуға, пәнді оқуға деген уәждеме деңгейіне оң әсер етуге арналған ұсынымдар жасады.
Оқу жылының басынан бастап физика, информатика мұғалімдерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын шығармашылық топтары жүйелі жұмыс істейді. Мәжілістерде халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес оқушылардың өз бетінше, креативті жұмыс істей білуін дамыту үшін ағылшын тіліндегі дидактикалық материалдар әзірленеді.
Физика, биология, химия, информатика мұғалімдерінің шығармашылық топтарының қатысушылары дидактикалық материалдарды жинау бойынша жұмыстар туралы, ағылшын тіліндегі арнайы курстар мен сабақтар материалдарымен одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар әзірлеу мәселелерін қарастырады. Электронды тапсырмалар банкі құрылды. Шығармашылық топ мүшелері дидактикалық материалдар мен құралдарды бірыңғай ресімдеу талаптарын жасап, тапсырмалар мен бейнематериалдарға түсініктеме берді.
Сабақтың материалдары, әзірлемелері, оқу және сабақтан тыс жұмыстарға арналған дидактикалық құралдар жаратылыстану-ғылыми цикл мұғалімдерінің көптілділікті енгізу бойынша практикада кеңінен қолдану үшін жіберіледі.