ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас актерлердің шығармашылық балалар байқауы
14-01-2019 15:09
Жас актерлердің шығармашылық балалар байқауы

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» идеясын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2019 жылы 11 қаңтарда  Павлодар қаласы № 6 сәбилер бақшасында «Ұлы дала ұрпағы» қалалық театрландырылған қойылымдар байқауы өтті.  Байқауға қаланың 12 мектепке дейінгі мекемесі қатысты. Мақсаты - балалардың өз елінің  тарихына, мәдениетіне және бай мұрасына деген қызығушылықтарын қалыптастыру, балалар шығармашылығын дамыту, балалар шығармашылығы мен театрландырылған іс-әрекет арқылы педагогтар, ата-аналар мен балалардың ынтымақтастығын дамыту, мектепке дейінгі мекемелер педагогтарының театрландырылған қойылымның сценарийін құрастырудағы шығармашылық ізденістерін қолдау.  

Байқаудың шарттары бойынша туған ел тарихының сәттерін  бейнелейтін театрландырылған қойылымдар көрсетілді. № 51 сәбилер бақшасының балалары «Город мастеров» қойылымын, № 85 сәбилер бақшасы - «Подвиг Отрарцев», № 37 сәбилер бақшасы - «Ұлы дала елінің батырлары»,  № 112 сәбилер бақшасы «Легенда об орле и солнце» қойылымдарын қойды.  № 6 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері  көрермендерді жоңғар жапқыншылығының уақытындағы Баян батыр мен Малайсары батырлардың ерлігі мен батылдығын көрсетті. № 120 бақшасының бүлдіршіндері «Ерліктің, еркіндіктің туы - Абылай» қойылымында ұлы көшбасшының өмірінен үзіндіні сахналады.

 Барлық қатысушылар көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені № 122 мектепке дейінгі гимназияның тәрбиеленушілері иеленді, І орынға № 51, 120 балабақшаларының бүлдіршіндері ие болды, ІІ орын - № 6 сәбилер бақшасы, ІІІ орын - № 29 сәбилер бақшасының командасында.

№ 21 сәбилер бақшасының балалары «Легенда о золотом человеке» және № 37 сәбилер бақшасы «Ұлы дала елінің батырлары» қойылымдары үшін байқау лауреаты атанды. «Үздік қойылым» номинациясы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» қойылымы үшін № 8 балабақшасына берілді, «Үздік сценарий» номинациясы «Легенда об орле и солнце» қойылымы үшін № 112 бақшасына,  «Сахна мәдениеті» номинациясы  «Домбыра туралы аңыз» қойылымы үшін № 104 балабақшасына берілді. «Үздік костюм» номинациясын № 85 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Ануарбеков Карим иеленді, «Үздік орындаушы» -  № 120 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Санатбек Мирас. Байқау балалар мен көрермендерге көп жағымды әсер сыйлады.