ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Сарбаз - 2019» қалалық әскери-спорттық жарыстың финалистері анықталды
15-01-2019 15:05
«Сарбаз - 2019» қалалық әскери-спорттық жарыстың финалистері анықталды

Бес жалпы білім беретін мектепте (№ 6, 25, 22, 40, 41 ЖОМ) 2019 жылдың 11 - 12 қаңтар айында «Сарбаз - 2019» әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша қалалық жарыстар өткізілді. Жарысқа қаланың 34 жалпы білім беретін мектептерінен 7 - 10 сыныптардан тұратын 160 оқушы қатысты.

Жарыс шарты бойынша командалар пневматикалық винтовкадан атудан, Калашников автоматын бөлшектеу-жинаудан, жалпы әскери қорғаныс киімін киінуден, белкеден тартудан, шаңғымен жүгіруден жарысты.

№ 22 жалпы орта білім беру мектебінде № 7, 9, 13, 20, 22, 39 ЖОМ командасы жарысты. Жарыс қорытындысы бойынша «Сарбаз - 2019» қалалық әскери-спорттық жарыстың финалдық кезеңіне 9 сынып оқушылары Баянов Ильдар, Теміров Тамерлан, Жеңіс Қалижан, Шамбаев Батырхан, жетекшісі Нурмуханов Бақытбек Маукенұлы, алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушысы құрамында № 22 ЖОМ командасы өтті.

№ 6 ЖОМ-да № 43, 34, 2, 6, 1, 5, 27 ЖОМ командасы жарысты. Жарыс қорытындысы бойынша қалалық әскери-спорттық жарыстың финалдық кезеңіне оқушылары Киреев Оразбай, Пунтусов Владимир (9 сынып), Хайхароев Бахаудина, Шульгина Егора (10 сынып), жетекшісі Шитинин Сергей Васильевич, алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушысы құрамында № 43 ЖОМ командасы өтті.

№ 25 ЖОМ-да № 25, 21, 24, Кенжекөл ЖОМ, 26, 42, 17, 4, 37 ЖОМ командалары жарысты. Жарыс қорытындысы бойынша қалалық әскери-спорттық жарыстың финалдық кезеңіне 10 сынып оқушылары Шахмет Мираса, Азнабек Мұхаметали (№ 25 ЖОМ) Макова Мадияр, Сундукова Никита (№ 21 ЖОМ), жетекшілері Мұхтар Жақсылық, Масалимов Алтынбек Кусаинович, алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушылары құрамында № 25, 21 ЖОМ командасы өтті.

№ 40 ЖОМ-да № 30, 40, 35, 16, 28, 33 ЖОМ командасы жарысты. Жарыс қорытындысы бойынша қалалық әскери-спорттық жарыстың финалдық кезеңіне № 30 ЖОМ-ның 9 сынып оқушылары Алимбаев Тамерлан, Тютина Константина, Сагатов Ерназар, Ершенева Данияр (10 сынып), жетекшісі Идрисов Абзал Жанбырбаевич, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы, № 40 ЖОМ-ның 9 сынып оқушысы Никоноров Егор, жетекшісі Иванов Анатолий Владимирович, № 35 ЖОМ-ның 10 сынып оқушылары құрамында Тауекел Асанали, Жанабек Мирата, жетекшісі Джабусинов Аманжол Кабдрахманович, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы өтті.

№ 41 ЖОМ-да № 12, 14, 18, 19, 29, 41 ЖОМ командасы жарысты. Жарыс қорытындысы бойынша қалалық әскери-спорттық жарыстың финалдық кезеңіне № 41 ЖОМ командасы құрамында Щербак Семен (10 сынып), Молдыбаева Ринат (9 сынып), Лукашина Данила, Литвовченко Денис (7 сынып), Тумашева Юрий (6 сынып), жетекшісі Аюпов Амангелді Серікұлы, алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушысы өтті.

Қалалық әскери-спорттық «Сарбаз - 2019» сайысының ақтық кезеңі 2019 жылы 16 қаңтарда № 40 ЖОМ-да өтеді.