ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Біз экологиялық таза ауа үшін
15-01-2019 15:56
Біз экологиялық таза ауа үшін

2019 жылғы 10 қаңтарда балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында экология мәселелері бойынша ағарту, жаңа экологиялық ойлауды қалыптастыруы мақсатында «Біз экологиялық таза ауа үшін» атты экологиялық дәріс өткізілді. Дәріске № 30, 28, 35, 16 ЖОМ 4 - 9 сынып оқушылары, орталық балалар бірлестіктерінің тәрбиеленушілері қатысты.

«Каустик» АҚ өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Владимир Владимирович Рагулин аймақтағы химия өнеркәсібінің дамуы, зауыттың құрылу тарихы мен қызметі, өндірістің экологиялық қызметі туралы айтып берді. Сөз сөйлеу «Каустик»АҚ бейнеролигі арқылысүйемелденді.Оқушылар зауыттың келешегі, зауытта жұмыс істеу және мамандық алу үшін қандай мектеп пәнін тереңдетіп оқуы қажет екенін білді. Зауыттың шығарылатын хлор-сілтілі өнімдері сапасы бойынша «Крот», «Мистер мускул» қаражаттарынан кем түспейтінін анғарды. Зауытшылар тек кәсіпорын аумағын ғана емес, сондай-ақ қаланы көгалдандыру бойынша жұмыстарын жүргізуде. Кездесуге жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының маманы Толқын Насырқызы Сиюнич шақырылды.Ол оқушыларды аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындарының табиғат қорғау шараларымен таныстырды. Қалада экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ғана емес, сонымен қатар, халықтың барлық мүмкін болатын ластанулар туралы хабардар болу мақсатында электрондық табло орнату бойынша жүргізілген жұмыстар жайлы айтты. Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы орталықпен 2015 жылдан бастап ынтымақтасады және экологиялық іс-шараларды өткізу кезінде әрдайым демеушілік көмек көрсетеді. Бұл іс-шараға да құр бос келмей, балаларға тәтті сыйлықтарды табыс етті.

 «Экологиялық тәрбие беру - заманауи маңызды міндеттері мен Орталығымыздың негізгі бағыттарының бірі. Егер адамдар жақын болашақта табиғатқа ұқыпты қарауға үйренбесе, олар құрдымға кетеді. Осы мақсатта экологиялық мәдениетімен жауапкершілікті тәрбиелеуі қажет», - деп атап өтті орталық басшысы Салават Ботбайұлы Сейтқанов.