ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас мамандарға арналған «Критериалды бағалау» коучинг
16-01-2019 09:56
Жас мамандарға арналған «Критериалды бағалау» коучинг

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 24 ЖОМ базасында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің жас мамандары үшін «Критериалды бағалау» атты оқыту коучинг-семинарын өткізді. Оған осы оқу жылында қаланың мектептеріне жоғары оқу орындарының бөлуі бойынша келген 57 мұғалім қатысты. Мақсаты - білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың заманауи түрлері мен әдістерін қолдануда кәсіби деңгейін арттыру.

Коучингте № 24 ЖОМ директорының орынбасары Айгүл Шапкенқызы Казимова № 34 ЖОМ жоғары санатты мұғалімі Сидорова Инга Николаевна тәжірибесі мектеп, қала деңгейінде жинақталған жас ұстаз. Модераторлар қатысушыларды критериалды бағалаудың теориялық негіздерімен, оқушылардың оқу іс-әрекетін жоспарлауды түсіндіру, мақсаттарын, міндеттерін, оларға қол жеткізу жолдарын анықтау, өз еңбегінің нәтижелерін бағалау бойынша презентациялармен таныстырды. Теориялық және әдістемелік жұмыс топтарда формативті бағалау тапсырмаларын және оларды қолдану мен бағалау әдістемелерін құрастыру бойынша практикалық тұрғыдан пысықталды. Жұмыстың бұл түрі оқушыларға өз прогресін сезінуге және қадағалауға, мұғалімнің көмегімен әрі қарай қадамдарды жоспарлауға, сабақтар мен күнделікті жұмыста пайдалануға мүмкіндік береді.Мақсаты-материалды қандай деңгейде меңгергенін анықтау және тексеру жұмысына дайындық кезінде не нәрсеге назар аудару (бөлім үшін жиынтық бағалау, тоқсан үшін), тақырыпты түсінудің өсуі, ұжымда емес, өз жетістіктерін салыстыру - қалыптастырушы, ынталандырушы және уәждеуші функцияларды атқарады. Коуч-семинарға қатысушылар «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Табыс жолы», көп қырлы «Табыс баспалдағы» кері байланыстың ең кең таралған техникасын қарастырды, онда әрбір бала сабақ соңында сыныптың жалпы табыс баспалдағын қарайды, «Нысана», «Білім ағашы», «Екі жұлдыз - бір тілек», «Қателерді түсіну тексеру» - мұғалім оқушыларға әдепті қате түсінуді немесе қандай да бір идея туралы болжамды қате пікірлерді береді, одан кейін оқушылардың өз келісімін немесе келіспеуін білдіруін немесе өз көзқарасын түсіндіруін сұрайды.Бұл әдістер оқушыларға мектепте алғашқы оқу күнінен бастап ұсынылады,бірақ оқушы үлкен болған сайын, әдістер күрделенеді. Бұдан әрі оларға «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Досыңа хат жаз», «Мини-тест», «Элективтік тест», «Формативті тест», «Формативті сауалнама», «Карусель», «Жазбаша түсініктемелер», «Ауызша баға» әдістер ұсынылады.

Коучинг қатысушылары топтарда жұмыс істеу барысында оқушылар рөлінде болды,білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында өз тәжірибесінде қолдану үшін теориялық және практикалық материалдарды зерделеп, тәжірибеде туындаған бағалау мәселелері бойынша сұрақтар мен ұсыныстарға жауап алды. Тәлімгерлер өздерінің жас әріптестерімен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Семинар материалдары, ұсыныстар, жадынамалар, дидактикалық ойындар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің және жалпы білім беру мектептерінің сайттарында орналастырылған және жас мамандардың әдістемелік жинағын толықтырды.