ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру бөлімінің № 25 мектептегі әдістемелік күні
16-01-2019 15:48

2019 жылдың 17 қаңтары күні 09:00.- 14:00 аралығында № 25 мектепте (Майра көшесі 49/1) «Көпмәдениетті білім беру жағдайындағы оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру» атты әдістемелік күн (сараптамалық кеңес) өтеді.
Мақсаты - оқу-тәрбие үрдісінде көптілділікті дамыту арқылы көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағатталған мектептің оқу-тәрбие іс-әрекеттерімен бөлісу.
Іс – шара қатысушылары:Білім беру бөлімі және инновациялық орталық, «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мамандары, жоғары оқу орындарыныңөкілдері, Павлодар қаласы мектептерінің инновация, тәрбие ісінің меңгерушілері, мектеп оқушылары, мұғалімдері, ата – аналары.
Іс – шараның қысқаша сипаттамасы:
Мектептің әдістемеліктақырып бойынша есеп беру күні.
«Ғылым-жанып тұрған шырақ, өнер-ағып жатқан бұлақ» тақырыбындағы көрмені тамашалау. «Болашаққа интеллектуалдық ұмытылыс»атты үлкен мәжіліс залында мектеп жайлы видео
фильм және мектеп директорының әдістемелік тақырып бойынша мәлімет беруі.
«Даналық негізі-білім» атты ашық сабақтар және «Тәрбие тал бесіктен басталады» тақырыбындағы ашық тәрбиелік іс-шараларға қатысу.
«Ынтымақ - ырыс қазығы» тақырыбында Павлодар қаласындағы ЖОО ғалымдарымен ток-шоу және «Достық» түрлі ұлттар бірлестіктерімен дөңгелек үстел өткізіледі.
«Ұша білген қанатқа дүние кең...» атты мектеп бойынша экскурссия жүргізіліп, мектептің жұмыс жүйесімен таныстырылады.
Іс-шара «Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы» атты гала концерт.
Әдістемелік күннің қорытындысын шығару.
 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі