ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу
17-01-2019 11:11
Оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу

2019 жылғы 16 қаңтарда Павлодар қаласының № 40 ЖОМ-інде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған «Сарбаз - 2019» атты қысқы әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша финалдық қалалық жарыстар өтті. Мақсаты-оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімдер арасында қысқы әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау.

Ақтық турнирге құрамында 28 оқушыдан № 21, 22, 25, 40, 41, 43 мектептерінен 7 - 10 сынып оқушыларының 6 командасы қатысты. Іс-шара командалардың салтанатты сап түзілуінен, құрметті қонақтардың сөз сөйлеуінен, жарысқа қатысушылардың тапсырмаларын алудан басталды.

Жарыс шарты бойынша командалар пневматикалық винтовкадан атуға, Калашников автоматын бөлшектеу-құрастыруға, жалпы әскери қорғау костюмдерін киюге, белдемде тартылуға, шаңғымен жүгіруге қатысты. Жарыс қатысушылардың жан-жақты тұлғалық қасиеттерін анықтауға мүмкіндік берді - винтовка мен автоматты меңгере білу ғана емес, сонымен қатар шаңғымен жүгіруде.

Солтүстік бағыттағы жарыстың қорытындысы бойынша № 35 ЖОМ құрама командасы жеңіске жетті, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы Аманжол Қабдрахманович Джамбусинов, II орынды № 22 ЖОМ командасы иеленді, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы Бақытбек Маукенұлы Нұрмұханов, III орынды № 41 ЖОМ иеленді, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы Амангельды Серікұлы Аюпов. Павлодар қаласының құрама командасына 18 қаңтарда облыстық «Сарбаз - 2019» жарыстарына № 41 ЖОМ Семен Щербак (10 сынып), Денис Литовченко (7 сынып), № 43 ЖОМ Оразбай Киреев (9 сынып), № 22 ЖОМ Қалитан Жеңіс (9 сынып), № 35 ЖОМ Асанали Тауекел (10 сынып), № 37 ЖОМ Диас Смаков (10 сынып), № 40 ЖОМ Денис Никоноров (10 сынып), Кенжекөл ЖОМ Рахат Искаков (10 сынып) кірді.

Іс-шараның құрметті қонақтары «Павлодар облысы Павлодар қаласының Ауған соғысы және жергілікті соғыстарының ардагерлері мен мүгедектері» ҚҚ, «Павлодар облысы Павлодар қаласының Тәжік-Ауған шекарасындағы жергілікті соғыстар мен қарулы қақтығыстар ардагерлерінің одағы» ҚБ өкілдері болды. Интернационал-жауынгер Көкумбаев Төлеген Жәмитұлының айтуынша: «Мұндай іс-шараларды өткізу оқушылар бойында азамат пен патриот, болашақ Отан қорғаушысының қасиетін қалыптастырады, әскери мамандықты таңдауға көмектеседі».