ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көпмәдениетті білім беру жағдайындағы оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру
18-01-2019 09:36
Көпмәдениетті білім беру жағдайындағы оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру

Білім беру бөлімінің кезекті сараптамалық кеңесі 2019 жылдың 17 қаңтары күні № 25 жалпы орта білім беру мектебінде өтті. Мектеп «Көпмәдениетті білім беру жағдайындағы оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру тақырыбы  бойынша ашық әдістемелік күнін өткізді. Мақсаты - оқу-тәрбие үрдісінде көптілділікті дамыту арқылы көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағатталған мектептің оқу-тәрбие іс-әрекеттерімен бөлісу.

         Сараптамалық кеңеске Павлодар қаласы білім беру бөлімі,  Павлодар облысы бойынша білім беруді дамытудың инновациялық оталығы, «Өрлеу» Павлодар облысы бойынша педагог мамандардың біліктілігін арттыру институты мамандары, Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің ғалымдары,  қала мектептерінің ғылыми-әдістемелік және тәрбие ісі меңгерушілері, оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер қатысты.

         Келген қонақтарға мектептің жетістіктері мен баспа өнімдері қамтылған «Ғылым жанып тұрған шырақ, өнер-ағып жатқан бұлақ» тақырыбындағы көрме ұйымдастырылды. Мектеп директоры Арынгазина Асель Муратовна «Болашаққа интеллектуалдық ұмытылыс»атты  видеофильм көрсеткен соң, мектептің әдістемелік тақырыбы жөнінде мәлімет берді. Көптілділік бағытында физика, химия, информатика сабақтары және тәрбиелік іс-шаралар көрсетілді. Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындарының ғалымдарымен, «Өрлеу» Павлодар облысы бойынша педагог мамандардың біліктілігін арттыру институты мамандарының қатысуымен көптілділік тақырыбы бойынша ток-шоу және Қазақстан Ассамблеясы ұлттық шығармашылық бірлестіктерінің қатысуымен «Ынтымақ - ырыс қазығы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шара қатысушылары мектептің клуб жұмыстарымен және жаңа модификациядағы «Teacher Office», «ІТ class», робототехника, «Шәкәрім орталығы» кабинеттерінің жұмысымен  танысты. «Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы»атты гала концертте мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.

   Сараптамалық кеңестің нәтижесі бойынша мектептің көпмәдениеттілік тақырыбы бойынша жұмысын облыстық деңгейде тарату шешімі шығарылды.