ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық идеялардың республикалық фестивалінің бес үздік педагогі
18-01-2019 14:43
Педагогикалық идеялардың республикалық фестивалінің бес үздік педагогі

2019 жылдың 16 - 17 қаңтарында Алматы қаласында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауына облыстық деңгейде тәжірибелерін жалпылаған Павлодар қаласының жалпы орта білім мектептерінен 13 педагог қатысты.

Жарыс әр түрлі пән салалары мен қосымша білім беруді біріктірген бес бағыт бойынша өтті. Қаламыздың педагогтары I орын (2), II орын (1) және 2 номинация жеңімпаздары атанды.

«Психолог сандықшасы» бағытында  № 40 жалпы орта білім беру мектебінің психологі Қымбат Ғаллямқызы Матай жеңімпаз атанды.

«Әр түрлі сабақтар, алайда әрбірінде шебердің қолдары сезіледі» номинациясында I орынға ие болған № 21 мектептің орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Ольга Ивановна Рауш, ІІ орынға ие болған № 40 ЖОМ-ның математика мұғалімі Алина Бейбутовна Бастенова, номинация жеңімпаздары № 29 ЖОМ-ның қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Айсана Аскаровна Сейткалиева және № 22 ЖОМ-ның орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Мейрамгуль Петровна Баядилова атанды.