ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жарқын болашақ» республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі туралы
21-01-2019 12:01

2019 жылдың 25 қаңтарында сағат 14.00-де № 35 орта мектепте (Айманов көшесі, 37) Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы қазақ тілі мен әдебиетін, өнерін білуге, ғылыми жобаларды ұсынуды, эссе жазуға өз ойларын жеткізе білуге үйретутетін Республикалық олимпиаданың «Жарқын Болашақ» қалалық кезеңін өткізеді. Олимпиадаға Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 7 - 11 сынып оқушылары қатысады.
Мақсаты - дарынды балалармен жұмыс сапасын жетілдіру, оқушылардың интеллектуалдық дамуын ынталандыру, терең білімі мен шығармашылық қабілеті бар дарынды балаларды көтермелеу.
Байқау 5 номинация бойынша өткізіледі:
«Жас ғалымдар» - оқушылар қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті және тарихи мәселелерін ашатын.
«Тілші-әдебиетшілер» - қатысушылар тест сұрақтарына жауап бере отырып, қазақ тілі мен әдебиеті білімін көрсетеді.
«Сөз шеберлері» - қатысушылармәнерлеп оқу шеберлігін көрсетеді.
«Әнші-бұлбұлдар» - қатысушылар қазақ халық әндері мен қазақ композиторларының шығармаларын орындайды.
«Жазушылар» - эссе байқауы.
I орын алған жеңімпаздар 2019 жылдың ақпан айында республикалық «Жарқын болашақ» байқауының облыстық кезеңіне қатысады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі