ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Волейболшылардың спорттағы жетістіктері
21-01-2019 17:23
Волейболшылардың спорттағы жетістіктері

Павлодар қаласындағы № 37 жалпы орта білім беру мектебінде қыздар командалары арасында волейболдан 48-ші қалалық спорттық соңғы турнир өтті. Мақсаты - оқушылар арасында салауатты өмір салтын қолдау және дамыту.

№ 16, 25, 29, 37 мектептердің командалары финалға бақытты сапарлардың иегерлері болды. Жалпы 14 - 17 қаңтар аралығында № 25, 29, 37, 41 орта мектептерінде қалалық мектептердің 17 командасы қатысты.

Финалдық турнирдің алғашқы ойындарының басталуынан бастап, қатысушылардың жаттығу деңгейі жоғары екендігі айқын болды. Әрбір команда жүлде үшін жақсы шайқасты. І орынды № 37 жалпы орта білім беру мектептің командасы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дәулет Ерсайынұлы Алпысов, ІІ орынды - № 16 орта мектептің командасы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ринат Зекенович Смагулов, ІІІ орын - № 29 орта мектептің командасы, дене тәрбиесі мұғалімі Денис Николаевич Голцер, IV орын - № 25 командасы, дене тәрбиесі мұғалімі Саниял Манарбекұлы Омаров.

№ 37 мектеп командасы Сатпек Аружан 5-сынып оқушысы, 7 сынып оқушылары Нұрболат Аружан, Есенғали Дария, 8 сынып оқушылары Елемесова Дильназ, Жолдыбаева Эльнура, ЖусупбаеваАружан, Есенгелді Айгерім, 9 сынып оқушылары Ерсайын Аяулым, Қабдыл-Манап Мадина,11 сынып оқушысы Бажаева Айдана аймақтық турнирде қаланың абыройын қорғайды.